Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

25.07.2017

   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы шеңбер пішінінде және күн сәулелері сияқты уықтар (тіректер) жан-жағына түгел тарап кететін көгілдір түсті шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбезді бөлігі) бейнесінде болады. Шаңырақтың оң жағында және сол жағында мифтік қанатты тұлпарлар бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN» деген жазу орналасқан. Жұлдыз, шаңырақ, уықтар, мифтік қанатты тұлпарлар, сонымен қатар «QAZAQSTAN» жазуы - алтын түстес.