Медициналық бұйымдарға баға белгілеу туралы

09.06.2021

Медициналық бұйымдарға баға белгілеу туралы

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – мемлекеттік сараптама ұйымы) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға, сондай-ақ медициналық бұйымдарға шекті бағалар мен үстеме бағаларды реттеу, қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына сәйкес медициналық бұйымдарға (ДСМ) шекті бағаларды талдауды жүзеге асырады.

Медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағаларды талдау-референттік елдердегі жиынтықты, түрді және үлгі мөлшерлік қатарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасына жеткізілімдердің нақты бағасын ескере отырып, бір медициналық бұйымды дайындаушы DDP ИНКОТЕРМС 2010 шарттарына сәйкес өтініш беруші ұсынған Франко-зауыттық бағаларға негізделген медициналық мақсаттағы бұйымдардың саудалық атауына және техникалық сипаттамаларына референттік баға белгілеу жүйесі;

Медициналық техникаға шекті бағаларды талдау-өндірушіден медициналық техниканың бағасын, жеткізуге байланысты шығыстарды және сату кезіндегі үстеме бағаларды айқындауға негізделген медициналық техниканың саудалық атауына және техникалық сипаттамаларына баға белгілеуді талдау жүйесі;

МБ саудалық  атауына және техникалық сипаттамаларына шекті бағаларды реттеу мынадай кезеңдерді және (немесе) іс-шараларды қамтиды:

Медициналық мақсаттағы бұйымдар:

1) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ бағаларын тіркеу;

2) ММБ үстеме бағасын қалыптастыру;

3) ММБ сауда атауына және техникалық сипаттамаларына шекті бағаларды қалыптастыру;

4) сараптамалық қорытынды беру.

Медициналық техника:

1) медициналық техниканың бағасын талдау;

2) медициналық техникаға үстеме бағаны қалыптастыру;

3) медициналық техниканың саудалық атауына және техникалық сипаттамаларына шекті бағаларды қалыптастыру;

4) сараптамалық қорытынды беру.

МБ саудалық  атауына және техникалық сипаттамаларына шекті бағаларды қалыптастыруды мемлекеттік сараптама ұйымы шарттық негізде жүзеге асырады.(сілтеме)

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде МБ саудалық атауы мен техникалық сипаттамаларына шекті бағалар жобасын қалыптастыруға арналған құжаттарды қарау мерзімдері құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 60 күннен аспайды.

 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – мемлекеттік сараптама ұйымы «тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға, сондай-ақ медициналық бұйымдарға шекті бағаларды және үстеме бағаларды реттеу, қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына сәйкес медициналық бұйымдарға (ДСМ) шекті бағаларды талдауды жүзеге асырады. {url=https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021766}

Медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағаларды талдау-референттік елдердегі жиынтықтылығын, түрін және үлгі мөлшерлік қатарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасына жеткізілімдердің нақты бағасын ескере отырып, бір медициналық бұйымды өндіруші DDP ИНКОТЕРМС 2010 шарттарына сәйкес өтінім беруші ұсынған Франко-зауыт бағаларына негізделген, медициналық мақсаттағы бұйымдардың саудалық атауына және техникалық сипаттамасына референттік баға белгілеу жүйесі;

Медициналық техникаға шекті бағаларды талдау-өндірушіден медициналық техниканың бағасын, жеткізумен байланысты шығыстарды және сату кезіндегі үстеме бағаларды айқындауға негізделген медициналық техниканың саудалық атауына және техникалық сипаттамасына баға белгілеуді талдау жүйесі;

МБ саудалық атауына және техникалық сипаттамасына шекті бағаларды реттеу мынадай кезеңдерді және (немесе) іс-шараларды қамтиды:

       Медициналық мақсаттағы бұйымдар:

1) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ бағасын тіркеу;

2) ММБ үстеме бағасын қалыптастыру;

3) ММБ сауда атауына және техникалық сипаттамасына шекті бағаларды қалыптастыру;

4) сараптамалық қорытынды беру.

Медициналық техника:

1) медициналық техниканың бағасын талдау;

2) медициналық техниканың үстеме бағасын қалыптастыру;

3) медициналық техниканың саудалық атауына және техникалық сипаттамасына шекті бағаларды қалыптастыру;

4) сараптамалық қорытынды беру.

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде МБ саудалық атауы мен техникалық сипаттамасына шекті бағалар жобасын қалыптастыруға арналған құжаттарды қарау мерзімдері құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 60 күннен аспайды.