Консультациялық қызметтер

09.06.2021

Сараптамаға өтініш бергенге дейін дәрілік заттарға сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-10 бұйрығының 1-қосымшаның 5-тармағына сәйкес жүргізіледі.

Консультациялық қызметтерді алу үшін өтініш беруші:

ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-мен консультациялық қызметтер көрсетуге шарт жасау (заң кеңесшісі dogovor@dari.kz);

Шарт жасасқаннан кейін өтінішті (1-қосымша) толтыру және оны *pdf және *word форматында (қажет болған жағдайда құжаттарды қоса бере отырып) farm@dari.kz электрондық поштасына «кеңес беру қызметі» белгісімен жіберу қажет.

Консультациялық қызметті алуға арналған өтініш 3 (үш) сұрақтан аспауы тиіс.

Құжаттарды алғаннан кейін өтініш берушіге төлем шотының сканерленген және/немесе электрондық нұсқасы жіберіледі (консультациялық қызметтер көрсету бағасының прейскурантымен мына жерден танысуға болады).

Өтініш беруші қызмет үшін шотты төлеп, төлемді растайтын құжатты жіберуі қажет.

Қызмет үшін төлем расталғаннан кейін консультациялық қызмет көрсетуге өтініш тіркеледі және сараптамалық блокқа жұмысқа жіберіледі.

Қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін өтініш берушінің электрондық поштасына (өтініште көрсетілген) қорытынды құжат (хат) жіберіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін Өтініш берушілерге қызмет көрсету және құжаттамалық қамтамасыз ету орталығына хабарласуға болады:

Тел.: +7 (727)279-59-67

e-mail: farm@dari.kz  («консультациялық қызмет» белгісімен)