ДЗСҰО қызметкерлері ДДСҰ-ның сапа менеджменті жүйесін тәжірибеде қолдану жөніндегі семинарына қатысты

30.05.2022

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің қызметкерлері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұлттық реттеуші органдарда сапа менеджменті жүйесін тәжірибеде қолдану жөніндегі семинарына қатысты.

Семинар ДДСҰ-ның сапа менджементі жүйесі мәселелері бойынша өзекті нұсқаулықтары мен әдістемелік құжаттары туралы ақпараттандыруды арттыру, озық тәжірибені қолдау және өндірістік қызмет шеңберінде СМЖ тұжырымдамалары мен қағидаттарын тиімді қолдану, жетілу деңгейін арттыру үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық бенчмаркинг құралының көмегімен реттеу жүйесін нығайту мақсатында өткізілді.

Семинар шеңберінде қатысушылар түрлі елдердің реттеуші органдарында сапа менеджменті жүйесін енгізу тәжірибесімен бөлісуге, проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік алды.

 Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының менеджмент жүйесін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Талғат Жасқайратовтың айтуынша, Ұлттық орталықта менеджмент жүйесі ұйымның барлық қызметін қамтиды. Сапа менеджменті жүйесі - бұл қызметкерлер мен процестердің бөлінуінен, тиімсіздігінен, ішкі қақтығыстарынан арылуға, оларды оңтайландыруға және үнемі жетілдіруге, сонымен қатар тұтынушылар мен жұмысшылардың қанағаттану дәрежесін арттыруға мүмкіндік беретін құрал. Ұлттық орталықтың менеджмент жүйесі 2017 жылдан бастап ISO 9001-2015 халықаралық стандартына сәйкестікке сертификатталғанын атап өту маңызды. Бұл ретте Орталық өзінің мәртебесін жыл сайын қадағалау аудиттерінен өту арқылы растайды.

Семинар жұмысына Қырғызстан, Армения, Молдова, Түркия және т. б. ұлттық реттеуші органдардың өкілдері қатысты.