ЕАЭО-дағы дәрілік заттардың ортақ нарығының құқықтық негізі

09.03.2022

 

ҚР ДСМ МФ БК "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы 2022 жылғы 20 сәуірде Сіздерді фарм.ғ.к., Зертханалары бар сынақ орталығының басшысы А. Т. Қабденованың "ЕАЭО-дағы дәрілік заттардың ортақ нарығының құқықтық негізі" тақырыбындағы оқыту семинарына қатысуға шақырады.

Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:

1) ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар айналымы мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық базаға қысқаша шолу;

2) ЕАЭО НҚА-ға енгізілетін өзгерістер;

3) ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттардың ортақ нарығының артықшылықтары;

4) ЕАЭО шеңберінде ДЗ тіркеу және сараптау қағидаларының негізгі ережелері мен талаптары;

5) Өзара тану рәсімі;

6) Орталықтандырылмаған рәсім;

7) Референттік мемлекетті таңдау өлшемдері;

8) ЕАЭО шеңберінде интеграцияға арналған жалпы процестер;

9) ЕАЭО-да зертханалық сынақтарды нормативтік реттеу;

           10) ДЗ бойынша сараптама комитеті.

 

Семинарға қатысу үшін фармацевтикалық бизнестің өкілдері: дәрілік заттарды өндірушілер, өндірушінің уәкілетті өкілдері, ЕАЭО-да сараптама және тіркеу процесін зерделеуге мүдделі өтініш берушілер шақырылады.

 

Семинар аяқталғаннан кейін бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

 

Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, 3 қабат, үлкен конференц-зал

1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен).

 

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін:

+7 (727) 273-11-45, +7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz

+7 (727) 273-15-78, +7 (701) 401-04-94, d.esbolatova@dari.kz

Алматы қ., 050004, Абылай хан даңғ., 63, 305 каб.

 

Оқыту барлық эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып жүргізіледі.

 

Мәлімет үшін:

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы дәрігерлердің үздіксіз кәсіби даму сапасын жақсарту бойынша Дүниежүзілік медициналық білім беру Федерациясының халықаралық стандарттары негізінде әзірленген және жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз етудің стандарттары мен басшылық қағидаттарымен Үйлестірілген қосымша және бейресми білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкес келеді. Қазіргі уақытта ҒБО 5 жыл мерзімге қосымша және бейресми білім беру (үздіксіз кәсіптік даму) бағдарламаларын іске асыратын ұйым ретінде институционалдық аккредиттеу мәртебесіне ие (11.11.2021 ж. – 10.11.2026 ж.).