Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамалық материалдарын бағалауды жүргізу жөніндегі негізгі ережелер

11.04.2022

ҚР ДСМ МФ БК "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы 2022 жылғы 28 сәуір Сіздерді Өтініш берушілерге қызмет көрсету орталығының І санатты маманы Д.А.Касымбекованың "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамалық материалдарын бағалауды жүргізу жөніндегі негізгі ережелер" тақырыбындағы оқыту семинарына қатысуға шақырады.

Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:

  1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамалық материалдарын бағалау мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық база;
  2. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамалық материалдарын бағалауға құжаттар беру ережелері;
  3. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамалық материалдарын бағалауға құжаттарды беру кезіндегі қателер.

 

Семинарға қатысу үшін фармацевтикалық бизнес өкілдері, ДЗ және МИ жарнамалық материалдарын бағалауға мүдделі өтініш берушілер шақырылады.

Семинар аяқталғаннан кейін бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

 

Мәлімет үшін !

Оқуға тіркелу үшін қажет:

Оқуға өтінімді толтыру және жіберу (өтінім нысаны хатқа қоса берілген)

Өтінім әрбір тыңдаушыға жеке ресімделеді: *pdf (қолы қойылған) және *word форматында, бұдан әрі электрондық мекенжайға жіберіледі k.nussupova@dari.kz тіркеу үшін.

ҚР ДСМ МФ БК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК - мен (бұдан әрі - ДЗҰСО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісіне (жоба хатқа қоса берілген) электрондық мекенжайға жіберу қажет a.buzurkhodzhaeva@dari.kz. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет.

"Төлемге өтінім" шартына қосымшасы толтыруға міндетті!

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі (1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен).

Қызмет үшін шотты төлеуді жүзеге асыру және жауапты хабарламада оқуға дейінгі төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін:

+7 (727) 273-11-45, +7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz