ЕАЭО-дағы медициналық бұйымдардың ортақ нарығының құқықтық негізі. ЕАЭО-да тіркеу және сараптама мәселелері

12.04.2022

ЕЭК Кеңесінің 24.12.2021 № 144 шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешімімен бекітілген медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 180 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Осыған байланысты, Ғылыми-білім беру орталығы 29 сәуір 2022 ж. Сіздерді       Алматы қаласындағы ТФ директоры, ЕЭК жұмыс тобының мүшесі, ЕАЭО бойынша Консультативтік комитеттің мүшесі Б.Ж. Абдиманованың "ЕАЭО-дағы медициналық бұйымдардың ортақ нарығының құқықтық негізі. ЕАЭО-да тіркеу және сараптама мәселелері" тақырыбында оқыту семинарына қатысуға шақырады.

 

Семинарда медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидаларына енгізілетін өзгерістер - ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 144 шешімі жария етілетін болады.

Семинарларға қатысу үшін фармацевтика саласының өкілдері, медициналық бұйымдарды өндірушілер, медициналық бұйымдарды тіркеу және сараптау қағидаларына мүдделі өтініш берушілер шақырылады.

 

Мәлімет үшін !

Оқуға тіркелу үшін қажет:

Оқуға өтінімді толтыру және жіберу (өтінім нысаны хатқа қоса берілген)

Өтінім әрбір тыңдаушыға жеке ресімделеді: *pdf (қолы қойылған) және *word форматында, бұдан әрі электрондық мекенжайға жіберіледі k.nussupova@dari.kz тіркеу үшін.

ҚР ДСМ МФ БК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК - мен (бұдан әрі - ДЗҰСО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісіне (жоба хатқа қоса берілген) электрондық мекенжайға жіберу қажет a.buzurkhodzhaeva@dari.kz. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет.

"Төлемге өтінім" шартына қосымшасы толтыруға міндетті!

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі (1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен).

Қызмет үшін шотты төлеуді жүзеге асыру және жауапты хабарламада оқуға дейінгі төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін:

+7 (727) 273-11-45, +7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz