Тиісті клиникалық тәжірибенің негіздері. Клиникалық зерттеу материалдарына сараптама жүргізу тәртібі. Клиникалық зерттеу материалдарына қойылатын талаптар

16.05.2022

Құрметті өтініш берушілер!

 

ҚР ДСМ М және ФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы 30-31 мамырда Сіздерді дәрілік заттарды сараптау департаментінің басшысы, биология ғылымдарының докторы Шынар Байдуллаеваның «Тиісті клиникалық тәжірибенің негіздері. Клиникалық зерттеу материалдарына сараптама жүргізу тәртібі. Клиникалық зерттеу материалдарына қойылатын талаптар» атты оқытатын семинарына қатысуға шақырады.

 

Семинар бағдарламасы:

1. Тиісті клиникалық практиканың негізгі принциптері (Good Clinical Practice);

2. In vitro диагностикаға арналған дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер және медициналық бұйымдарға клиникалық-зертханалық сынақтар жүргізу қағидалары;

3. ДЗ және МБ клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат алу тәртібі;

4. Клиникалық зерттеулер құжаттарына қойылатын талаптар;

5. Клиникалық базаларға қойылатын талаптар.

 

Мәлімет үшін!

Оқуға тіркелу үшін төмендегілер қажет:

  • Оқуға өтінімді толтыру және жіберу (өтінім нысаны хатқа қоса берілген)

Өтінім әрбір тыңдаушыға жеке рәсімделеді: *pdf (қолы қойылған) және *word форматында, әрі қарай тіркеу үшін k.nussupova@dari.kz электрондық мекенжайға жіберіледі.

  • ҚР ДСМ М және ФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жобасын жасау үшін заң кеңесшісіне (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102-кабинетке қолма-қол алып келу қажет.

«Төлемге өтінім» шартына қосымшаны толтыру міндетті!

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі (1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен).

  • Қызмет үшін шотты төлеуді жүзеге асыру және жауап хабарламада оқуға дейінгі төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін:

+7 (727) 273-11-45, +7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz