Тірі организмнен тыс зертханалық диагностика (in vitro)1 тақырыбында оқыту семинарына қатысуға шақырады). In vitro диагностикаға арналған медициналық бұйымдарды сараптау ерекшеліктері

10.05.2022

ҚР ДСМ М және ФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы 2022 жылғы 26 мамырда Сіздерді медициналық бұйымдарды сараптау департаменті медициналық бұйымдарды сараптау басқармасының І санатты сарапшысы П.Н. Дерябина «Тірі организмнен тыс зертханалық диагностика (in vitro)1 тақырыбында оқыту семинарына қатысуға шақырады). In vitro диагностикаға арналған медициналық бұйымдарды сараптау ерекшеліктері».

Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:

1. Тірі организмнен тыс зертханалық диагностиканың негізгі мақсаттары мен әдістері

2. Инфекциялық ауруларды зертханалық диагностикалау метологиясы.

3. Диагностиканың иммунологиялық (серологиялық) әдістері

4. Диагностиканың генетикалық әдістері

5. In vitro диагностикаға арналған медициналық бұйымдарды сараптаудың құқықтық негіздері мен ерекшеліктері

6. Тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптар

 

Мәлімет үшін !

Оқуға тіркелу үшін төмендегілер қажет:

  • Оқуға өтінімді толтыру және жіберу (өтінім нысаны хатқа қоса берілген)

Өтінім әрбір тыңдаушыға жеке рәсімделеді: *pdf (қолы қойылған) және *word форматында, әрі қарай тіркеу үшін k.nussupova@dari.kz электрондық мекенжайға жіберіледі.

  • ҚР ДСМ М және ФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жобасын жасау үшін заң кеңесшісіне (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102-кабинетке қолма-қол алып келу қажет.

«Төлемге өтінім» шартына қосымшаны толтыру міндетті!

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі (1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен).

  • Қызмет үшін шотты төлеуді жүзеге асыру және жауап хабарламада оқуға дейінгі төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін:

+7 (727) 273-11-45, +7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz