Алматыда «Белсенді ұзақ өмір сүру» атты I Халықаралық форумы өз жұмысын бастады

05.06.2013

Алматыда «Белсенді ұзақ өмір сүру» атты I Халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Жиынға АҚШ, Австрия, Ұлыбритания, Жапония, Ресей, Украина, Қырғызстан және өзге елдердің қартаю мәселелері саласындағы жетекші сарапшылары қатысуда.

Форум жұмысына сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің өкілдері шақырылған.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және БҰҰ ЮНФПА Суб-аймақтың кеңсесі.

Форумда геронтологияжәнегериатрияның медициналық-әлеуметтік аспектілері,эксперименталдық геронтологияжәне гериатрияның қазіргі заманғы аспектілері,геронтология жәнегериатрия саласында мамандар даярлау,гериатриядағы профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа технологиялары сияқты мәселелер талқылануда.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында адамдар өміріндегі түбегейлі өзгерістер, өмір сүру жағдайының жақсаруы және өмір сүру ұзақтығының 70 жасқа дейін ұзарғаны атап көрсетілген. ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру - осындай нәтижелерге қол жеткізудің жетекші шарттарының бірі. Мұнда аурушаңдықты төмендету және тұрғындар денсаулығын әрі қарай нығайту, өмір сүру ұзақтылығын ұзарту және өмір сүру сапасын жақсартудағы мақсаттар - тұрғындар денсаулығын қорғау мәселелері сектораралық және ведомствоаралық ынтымақтастық қағидасына сай іске асырылады.

Форум барысында денсаулық сақтау мемлекеттік органдарының және түрлі мемлекеттердің ірі халықаралық ұйым жетекшілері, сонымен қатар қартаю мәселелері саласындағы әлемге белгілі беделді сарапшылар бүкілдүниежүзілік және еуразиялық кеңістікте жемісті ұзақ өмір сүрудің өзекті мәселелері бойынша өз ойларымен, тәжірибелерімен бөліседі.

Халықаралық форум шеңберінде «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру шеңберінде белсенді ұзақ өмір сүрудің әлеуметтік, медициналық және психологиялық аспектілері» атты дөңгелек үстел және облыстар, Астана және Алматы қалалары Денсаулық сақтау басқармаларының штаттан тыс геронтологтары мен гериатрлары үшін «Әлеуметтік геронтология және гериатрия» оқыту семинары өткізіледі. 

Сонымен қатар, форумда «Қазақстанда егде жастағы тұлғалардың белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етудегі қартаюға қарсы модельді (бағдарламаны) әзірлеу» (2011-2013 жж.) ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша эпидемиологиялық, клиникалық және эксперименталдық зерттеулердің нәтижелері баяндалады.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» халықаралық форумы қартаю мәселелері саласындағы жыл сайынғы халықаралық іс-шара болып, Қазақстандағы ықпалды пікір алмасу алаңына айналады. 

Форумды өткізудің үлкен және егде жастағы тұлғалардың денсаулығы және өмір сүру сапасы мәселелерін шешуде әлеуметтік-экономикалық, саяси және медициналық маңызға ие.

Aқпарат mz.gov.kz сайттынан алынды