Амбулаториялық-дәрімен қамтамасыз ету АДҚ үшін ТМККК аясында сатып алынатын тіркелген ДЗ және ММБ мемлекеттік тіркеуге/ бағасын өзгертуге өтінім берушілерге

02.10.2015

Амбулаториялық-дәрімен қамтамасыз ету (АДҚ) үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында сатып алынатын тіркелген дәрілік заттарды (ДЗ) және медициналық мақсаттағы бұйымдарды (ММБ) мемлекеттік тіркеуге/ бағасын өзгертуге өтінім берушілерге 

Құрметті өтінім берушілер!

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаларды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан ары – Қағида) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің (ҚР ДСӘДМ) 2015 жылғы 30 шілдедегі №639 бұйрығын орындау мақсатында  «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан ары - ДЗСҰО)  Қазақстан Республикасында тіркелген ДЗ, ММБ референттік бағаны қалыптастыру бойынша сараптау жұмыстарын жүргізеді.

Қағидаларға сәйкес өтінім берушілер  «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттардың 2015 жылға арналған шекті бағаларын бекіту туралы» ҚР ДСӘДМ мнистрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы №543 бұйрығының (бұдан ары – Тізім) 1-қосымшасы негізінде ДЗ және ММБ тіркеу/бағасын өзгертуге өтінім берулері тиіс.

Жүргізілген жұмыстар негізінде Қағида талаптарына сәйкес ДЗСҰО Тізімге сәйкес ДЗ, ММБ тіркелген бағаларын өкілетті орган бекіту үшін бұйрық жобасын әзірлеуде.  

ДЗ, ММБ тіркелген бағалары ДЗ Мемлекеттік тізіліміне енгізілетін болады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты ДЗ, ММБ тіркеуге/бағасын өзгертуге  берілген өтінімдердің ағымдағы жылдың тек 7 қазанына дейін жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.  

Сондай-ақ, Қағидаға сәйкес «ТМККК аясында ДЗ тіркелген бағасы болмаған жағдайда шекті бағасы анықталмайтынын және орфандық ДЗ қоспағанда ТМККК аясында  сатып алу жүзеге асырылмайтынын» хабарлаймыз.    

Ескертпе: Өтінімді пайдалану жөніндегі ұсынылған нұсқаулыққа сәйкес  www.moh.kz сілтеме бойынша www.dari.kz  сайтында Online режимде құру керек.  

ДЗСҰО Бас директорының атына жазылған ілеспе хатымен, өкілетті тұлғаның қолымен және фирманың мөрімен  куәландырылған қағаз тасымалдағыштағы өтінімдердің түпнұсқаларын канцелярияға өткізуді сұраймыз (112-каб.).

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуды сұраймыз: 273 94 27 (ішкі тел. 029),  273 63 84 (ішкі тел.193),  114-каб.

Бағаны мониторингілеу тобы