ДЗСҰО сарапшылары ұлттық фармакологиялық қадағалау жүйесін дамыту бойынша семинарға қатысты

17.05.2022

Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын мониторингтеу департаментінің, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті және оның өңірлік департаменттерінің, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сарапшылары Қазақстанда фармакологиялық қадағалауды дамытудың 3 жылдық жол картасын әзірлеу бойынша семинарға қатысты. Семинар USAID және PQM+ Дәрілік заттардың сапасын ілгерілету бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылды. Семинар АҚШ фармакопеясы (USP) мен ДДСҰдың Қазақстан Республикасындағы фармакологиялық қадағалау практикасын жетілдіру жөніндегі орталығы арасындағы келісімді іске асырудың келесі кезеңі болып табылады.

Семинар барысында қолданылатын препараттарды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін фармакологиялық қадағалау жүйесін қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламасына интеграциялау, жағымсыз жағдайлар бойынша есептерді жіберу арналарын айқындау, есептілік нысандарын валидациялау, жағымсыз реакциялар туралы хабарламаларды жіберуді қолдау стратегиясы және т.б. мәселелер талқыланды. Барлық талқыланған мәселелер бойынша практикалық тапсырмалар орындалды. Тапсырма барысында семинар қатысушыларынан құралған жұмыс топтары қолданыстағы жүйеге талдау жүргізіп, Қазақстанда фармакологиялық қадағалауды дамыту бойынша жол картасын әзірлеу үшін өз ұсыныстарын берді.