Архив новостей

Поиск

03.02.2016

ДЗ, ММБ және МТ сараптау ұлттық орталығының сарапшылары Алматы қаласының дәрігерлері үшін фармакологиялық қадағалау бойынша оқыту семинар-тренингін өткізді

ДЗ, ММБ және МТ сараптау ұлттық орталығының сарапшылары Алматы қаласының дәрігерлері үшін фармакологиялық қадағалау бойынша оқыту семинар-тренингін өткізді

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығында 27 қаңтар күні «Дәрілік заттарды фармакологиялық қадағалау және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медицина техникасының жағымсыз әсерлерін мониторингілеу» тақырыбы бойынша оқыту семинары өтті.

Бас директор Мусинов С.Р. кіріспе-сөзінде Қазақстандағы фармакологиялық қадағалау жағдайы және ДЗ, ММБ және МТ жағымсыз әсерлерінің мониторингі, қауіпсіздік дабылдарының көздері, осы бағыттағы қызметтің даму келешегі және оны жетілдіру жолдары жайында әңгілемеледі.

Біздің ұйым қызметкерлері орталықтың фармакологиялық қадағалау және ДЗ, ММБ және МТ жағымсыз әсерлерін мониторингілеу саласындағы қызметіне арналған баяндамаларын оқыды.