Астанада АҚТҚ (ВИЧ) жұқтырған адамдардың саны 600-ге жуықтады

13.11.2012

Астанада Aдамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруына шалдыққандардың саны артуда. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының ЖҚТБ күрес және алдын алу орталығы хабарлады. 

Ағымдағы жылдың 9 айында Астанада АҚТҚ ауруының 76 жаңа оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6-ға көп. Жалпы биыл 1 қазандағы жағдай бойынша қалада Aдамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруына шалдыққан 559 адам тіркелген.  

Астанада АҚТҚ эпидемиясы қоғамның осал топтары арасында, әсіресе нашақорлардың қатарында таралған. Бейберекет жыныстық қатынасқа түсетін, секс-индустрияда істейтін, сондай-ақ бас бостандығынан айырылған адамдар АҚТҚ жұқтырғандардың жартысын құрайды. ЖҚТБ орталығының хабарлауынша, жалпы оқиғалардың 68 пайызы жыныстық жолмен тараған.

Ақпарат inform.kz сайттынан алынды