Астанада Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Денсаулық жолындағы серіктестер» форумы өтті

05.04.2024

Бүгін Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтауұйымының қолдауымен ҚР Денсаулық сақтауминистрлігі ұйымдастырған «Денсаулықжолындағы серіктестер» форумы өтті. Іс-шара жылсайын 7 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілікденсаулық күніне орайластырылған.

Форум өз алаңында сарапшыларды, Қазақстанның денсаулық сақтау, білім беру жәнеғылыми ұйымдарының, Біріккен ҰлттарҰйымының агенттіктерінің, даму бойыншасеріктестердің және елде аккредиттелген шетмемлекеттер мекемелерінің өкілдерін жинады. Ұлттық дәрілік заттар мен медициналықбұйымдарды сараптау орталығынан кездесугестратегия, талдау және менеджмент жүйесінқамтамасыз ету басқармасының басшысы АйсұлуАхимова қатысты.

Денсаулық сақтау министрі форумғақатысушыларды құттықтай отырып, «Ағымдағыжылы Мемлекет Басшысы Үкімет алдынаэкономикалық тұрақты және дамыған мемлекетқұру үшін әлеуметтік, экономикалық және басқа да салаларда бірқатар биік мақсаттар қойды, Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайтуғаерекше мән беріледі. Біз жаһандық қауымдастықайқындаған орнықты даму мақсаттарыныңмаңыздылығын және 2030 жылға қарай оларға қолжеткізу үшін бірлескен іс-қимылдарды күшейтудіңөзектілігін мойындаймыз. 7 сәуір, біз биылғыжылы «Менің денсаулығым – менің құқығым» ұранымен өтетін Дүниежүзілік денсаулық күнінатап өтеміз. Денсаулық күні қазіргі заманғыжаһандық сын - қатерлерді, төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстарды, сондай-ақ елдердің кезкелген жағдайда медициналық қызметтерге қолжеткізуді қамтамасыз етуге деген жалпыға бірдейұмтылысы ескеріледі», - деп атап өтті.

Сондай-ақ, Министрдің айтуынша, Қазақстан ДДСҰ-ның әрбір адамды қай аймақта жүрсе де, сапалы медициналық қызмет көрсетумен, ағарту мен ақпаратпен, сондай-ақ қауіпсіз ауыз сумен, таза ауамен, тиісті тамақтанумен, экологиялық жағдайды және кемсітушіліктен бостандықты және т. б. құқықтарды қамтамасыз етуді қолдайды.

Форум аясында Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытудың стратегиялық бағыттары мен басымдықтары, дипломатиялық және сараптамалық қоғамдастықпен күш-жігерді шоғырландыру және басқа да көптеген мәселелер талқыланды.