Астананың халықаралық деңгейдегі кардиохирургі «Алтын адам-2012» сыйлығында жылдың таңдаулы дәрігері атанды

23.11.2012

Халықаралық дәрежедегі кардиохирург Юрий Пя «Алтын адам-2012» сыйлығында жылдың таңдаулы дәрігері атанды, деп хабарлады «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ баспасөз қызметі.

«Юрий Пяға алтын жауынгердің алтын жалатқан мүсіншесі мен сертификат тапсырылды. Бұл беделді сыйлыққа Юрий Владимировичтің ие болатын жөні бар. Ол өзінің Чехиядан келген әріптесі Ян Пиркпен бірге 2012 жылғы тамызда Қазақстанда тұңғыш рет созылмалы жүрек сырқатына шалдыққан пациентке донор жүрегін ауыстырып салды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бүгінде Ю.Пя Ұлттық медициналық холдингтің ең «жас» клиникасына - Астананың Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығына басшылық етеді. Оның басшылығымен ондаған пациенттердің өмірін ажалдан арашалап қалған көптеген озат медициналық технологияларды енгізу мүмкін болды, делінген холдингтің хабарламасында.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды