Атырауда туберкулез салдарынан болатын өлім көрсеткіші төмендеді

29.01.2013

Атырау облысында 2011-2012 жылдар қорытындысы бойынша туберкулез салдарынан болатын өлім көрсеткіші 4,9 пайызға төмендеді. «Облыстың туберкулезге қарсы қызметі» құрамына 10 мамандандырылған мекеме кіреді, онда 760 ауруханалық және 125 шипажайлық орын бар.

760 стационарлық орынның ішінде 200-і аурудың мультирезистенттік формасымен ауыратын адамдарға арналған. Бұдан басқа, Атырау қаласында 240 орынға арналған мектеп-интернат пен 465 орынға арналған шипажайлық типтегі 14 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істеуде. Салыстырмалы талдау көрсетіп отырғандай, облыс бойынша 2011-2012 жылдары туберкулезбен ауыру көрсеткіштері төмендеді», - деп хабарлады облыстық туберкулез диспансерінің бас дәрігері Жаңабай Сағиев.

Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайдың ауырлығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі өлім көрсеткіші болып табылады. Туберкулезден қайтыс болу көрсеткіштерінің талдауы облыс бойынша 2011-2012 жылдары 4,9 пайызға төмендеуді көрсетіп отыр.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды