Биыл «Нұр Отан» медицина, білім беру және ТКШ қызметтерінің сапасыздығы жөнінде 5 мыңнан астам арыз қабылдады

02.11.2012

Халықтың мұң-мұқтажын оңтайлы шешу үшін атқарушы билікпен бірге жүйелі түрде жұмыс жүргізілуі тиіс.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП, ҚР Денсаулық сақтау, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің, сондай-ақ ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттіктің арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімінде «Нұр Отан» ХДП хатшысы Владимир Бобров айтты.  

«Барлықтарыңызға белгілі, Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында қазақстандық өмір сүру стандартын қалыптастыру туралы нақты тапсырма берді. Сонымен қатар, сол стандарттың әрбір қазақстандық үшін қолжетімді болуын қадағалауды міндеттеді. Әрбір қазақстандық сапалы өмірмен, сапалы қызмет көрсетумен қамтамасыз етілуі тиіс. Осыған байланысты партия көптеген жұмыс атқаруда» - деді В. Бобров.

Оның айтуынша, партия жанынан құрылып, көптен бері жұмыс істеп келе жатқан Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша комиссиясы көп шаруа тындырды. Нәтижесінде бүгінгі күні Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы оңтайландырылды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы бағдарламалардың мониторингісі тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Қабылданған меморандумда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тауарлар мен қызметтер сапасы, бұзушылардың жауапкершілігін күшейту және отандық өндірушілерді қолдау бойынша негізгі міндеттер көрсетілген.

«Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитеті хатшылығының мәліметінше, тек биыл ғана партияның Қоғамдық қабылдау бөлмесіне медицина, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және басқа да қызметтердің сапасыз ұсынылу фактілері бойынша халықтан 5 мыңнан астам өтініштер мен арыздар келіп түскен.

Ақпарат inform.kz сайттынан алынды