Бүгін Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты өтіті

18.02.2013

Бүгін Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты өтіп, онда ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуы: 2012 жылдың қорытындылары мен 2013 жылғы міндеттері туралы баяндама жасады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2012 жылғы қызметі саланың басты көрсеткіші – азаматтардың өмір сүру ұзақтығына ықпал ететін басым міндеттерге бағытталды. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде тиімді іс-шаралардың дер кезінде қабылдануы нәтижесінде азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығы 0,59 жасқа (2012ж. - 69,6, 2011ж. – 69,01)ұлғайтылды.   Соңғы 3 жыл ішінде елімізде аналар өлім-жітімі 3,7 есе, нәрестеплер өлім-жітімі 25%, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіштері 20%төмендеді.   

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) бағытталған қаржы тиімді пайдаланылуда. 2012 жылы 2,7 млн. адам стационарларға жатқызылды, яғни күніне 7,5 мың адамнан келеді. Күн сайын орташа алғанда 2 мыңнан аса ота жасалып, бір мыңдай әйел босанып, жедел жәрдем қызметі 18 мыңдай шақыртуға қызмет көрсетті.   

Медициналық көмек көрсетудің мұндай көлемі жағдайында тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар болмай қоймайтыны анық. Шағымдардың негізгі себебі тұрғындардың мемлекет кепілдік берген құқықтарын толық біле бермеуінен туындайды. Бұл бағытта Министрлік кең ауқымды жұмыстар атқаруда.     

Медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар Министрлік және жергілікті атқарушы органдар тапанынан кешенді түрде қабылданып, іске асырылуы тиіс. Дегенмен, азаматтар өз денсаулықтарын сақтауға белсенді қатысқанда ғана мәселе шешілетіні түсінікті. Елбасы  Жолдауында: «Денсаулықты күтуге әр отбасы көңіл бөлген жағдайда мемлекет жасап жатқан шаралар мың есе тиімді болады» деп атап көрсетті.   

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік кепілдіктердің төменгі стандарттарын әзірлеу басталды. Сол арқылы тұрғындар медициналық көмекпен толық қамтамасыз етілетін болады. Мемлекет, азамат және жұмыс берушінің өзінің және қоғамдық салауаттылыққа жауапкершіліктері нақтыланған әлеуметтік келісім-шарттар жүйесі енгізіледі. Медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселесі пысықталуда, тиісті ұсыныс ҚР Үкіметіне ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін енгізіледі. 

Ана мен бала денсаулығын қорғау маңызды басымдық боп қала береді. Жаңадан құрылған 34 оқыту орталықтарында 20 мыңдай дәрігерлер мен орта медициналық қызметкер біліктіліктерін арттырып шықты. 2010 жылдан бері ЭКО қызметі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көліміне кіргізіліп, үш жылдың ішінде олардың саны 6 есеге артты. 

Соңғы 3 жылдың ішінде еліміздің барлық өңірінде 16 кардиохирургиялық орталықтар мен бөлімдер ашылды. Озық технологиялар енгізіліп, жүрекке 20 мыңнан астам ота жасалды. Өткір инсульт дертіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін өңірлерде 20 инсульт орталығы ашылды және 2013 жылдың соңына дейін тағы 28 инсульт орталығын ашу жоспарланып отыр.  

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР Үкіметі 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын бекітті. Онда мақсатты топтарды профилактикалық тексеруден өткізу арқылы қатерлік ісікті ерте кезеңде анықтау және диангостикалау мен емдеудің озық тәсілдерін пайдалануға баса назар аударылды.   

Денсаулық сақтау саласын жаңарту Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (БҰДСЖ) дамыту шеңберінде жаңғыртылуда. Стационарды еркін таңдау құқығын азаматтарға беру арқасында сапалы стационарлық көмектің қолжетімділігі қамтамасыз етілуде. Мұндай құқығын пайдаланған науқастар саны 2010 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артты (2012 ж. - 800 мың, 2011 ж. – 699,4 мың, 2010 ж. – 317,8 мың). Және ондағы ауыл халқының үлесі 46%құрады.     

Мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарға теңдей жағдай жасау арқасында медициналық қызмет көрсетуші жекеменшік ұйымдар үлесі 16%артты. Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында бюджетке түсетін салмақты азайту және қызмет сапасын арттыру үшін мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті енгізу және дамыту салалық стратегиясы қабылданды.    

Бүгінгі таңда еліміз бойынша стационарлық қызмет көрсетуге бірегей тарифтер енгізілген. «Ақша науқаспен бірге жүреді» қағидасы іске асырылды. БҰДСЖ енгізу ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандырады.   

Арнайы құрылған Менеджмент орталығы базасында 3 мыңнан астам денсаулық сақтау менеджерлері оқып шықты. 2012 жылы алғаш рет стацинарлық көмек көрсететін мамандарды оқытуға арналған қаражат ТМККК тарифіне енгізілді. Бұл емдеу мекемелерінің жетекшілеріне өз мамандарын қайда және қандай тақырыпта оқыту туралы шешімді өздерінің қабылдауына мүмкіндік берді. Өткен жылы осы жүйемен 12 мыңнан аса маман оқып шықты. Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту Тұжырымдамасы әзірленді. Білім мен біліктілікті тәуелсіз бағалау республикалық орталығы ашылды.   

Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің әлеуметтік бағдарланған үлгісін дамыту – денсаулық сақтау жүйесінің негізі. Осыған байланысты: отбасылық тәжірибені дамыту, мейіргерлердің рөлін күшейту, әлеуметтік-психологиялық қызметтер құру, 50 жастар денсаулық орталықтарының қызметін дамыту, халықтың салауатты мінез-құлық үлгісін қалыптастыру және Ұлттық скринингтік бағдарлама арқылы ортақ жауапкершілігін дамытуға күш-жігер бағытталатын болады.  

БҰДСЖ тұрақты енгізу қала және ауыл тұрғындарына да қолжетімді жоғары технологияларды дамытуға жағдай жасады. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 60%артып, олардың жартысынан астамы өңірлерде көрсетілді. Технологияларды трансферттеу үшін шетелдерден үздік мамандарды шақыру арқылы 73 шеберлік сыныптары өткізілді.  Нәтижесінде азаматтар бұрындары 20-дан астам ауру түрлері бойынша шетелдерге емдеуге жіберіліп келсе, қазір олардың саны 8-ді құрайды.

Трансплантологиясаласы белсенді дамытылуда. 2012 жылы үлкендер мен балаларға 90-нан астам транплантация (бүйрек, кемік майы, ұйқы безі) жасалды. Донор жүрегін транспланттау бірегей операция 2012 жылдың елеулі оқиғасына айналды. Министрлік үшінші жыл қатарынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыру арқылы органдық донорлық туралы халықты ақпараттандыруға үкіметтік емес ұйымдарды тартуда.     

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2013 жылы төмендегі міндеттер мен тапсырмалар анықталды: ана мен нәрестелер өлім-жітімін төмендету шараларын әрі қарай жалғастыру, жүрек қан тамырлары, қатерлік ісік, жарақаттанушылық, туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету, көлік медицинасын дамыту; әлеуметтік бағдарланған алғашқы медициналық-санитариялық көмек үлгісін дамыту; амбулаторлық деңгейде дәрімен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру; инновациялық жобаларды енгізу ж»әне озық технологияларды трансферттеу; медициналық көмек көрсету стандарттарын жетілдіру, менеджменттің заманауи тәсілдерін, мемлекеттік секторда корпоративтік басқару қаиғидаларын енгізу, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті, ресурс үнемдеудің тиімді тетіктерін дамыту; мамандарды даярлау саласын жетілдіру және денсаулық сақтау жүйесінің бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту және т.б.

Aқпарат mz.gov.kz сайттынан алынды