Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды инспекциялау бойынша оқыту семинары туралы

10.08.2022

ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы Сіздерді 24-25 тамыз күндері өтетін

 инспекция департаментінің инспекторы Р.К.Тұрысбекованың «ЕАЭО GMP тиісті өндірістік практика қағидаларының талаптарына сәйкестік фармацевтикалық инспекциясын жүргізудің бірыңғай қағидалары» және «ЕАЭО қағидалары бойынша медициналық бұйымдарды өндіруді инспекциялауу» атты оқыту семинарларына қатысуға шақырады.

 

Семинарларда келесі сұрақтар талқыланады:

 

1) Нормативтік-құқықтық базаға шолу;

2) Инспекцияны жүргізуді ұйымдастыру және дайындау тәртібі;

3) ЕАЭО қағидалары бойынша медициналық бұйымдарды өндіруді инспекциялау.

 

Семинарға қатысу үшін фармацевтика саласының өкілдерін: тиісті фармацевтикалық практика GMP стандартының талаптарына сәйкес фармацевтикалық инспекциялар жүргізуді ұйымдастыруға мүдделі дәрілік заттарды өндірушілерді, дистрибьюторлар мен өтініш берушілерді шақырамыз.

 

Семинар аяқталғаннан кейін бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

 

Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, 3 қабат, Үлкен конференц-зал

1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен)

 

Мәлімет үшін !

Оқуға тіркелу үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:

·         Оқуға өтінішті толтыру және жіберу (өтініш нысаны хатқа қоса берілген)

Өтініш әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді, ары қарай тіркеу үшін k.nussupova@dari.kz. d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайларына жіберіледі.

·         ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - ДЗСҰО) мен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісінің (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет.

 

Шарттың «Төлемге өтінім» қосымшасын толтыру міндетті!

 

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

 

ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі.

·         Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

+7 (727) 273-11-45,

+7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz