Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу кезінде сараптама жүргізу үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бағасы бекітілді

02.02.2021

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 20 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығымен мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалар бекітілді.

Аталған бұйрыққа сәйкес келесі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағасы бекітілді:

- бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, ЕАЭК кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешімімен бекітілген дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына сәйкес дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде сараптама жүргізу және ЕАЭК кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешімімен бекітілген медициналық бұйымдарды тіркеу және олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін сараптау қағидаларына сәйкес медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде сараптама жүргізу;

-бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, ҚР заңнамасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың «пайда-тәуекел» арақатынасын бағалау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер жүргізу үшін материалдарды бағалау кезінде сараптама жүргізу;

-бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, ҚР тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу.

Осы бұйрық күшіне енгеннен бастап төмендегі бұйрықтар өз күшін жояды:

- «Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтерге бағаларды белгілеу туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 671 бұйрығы;

- «Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтерге бағаларды белгілеу туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 671 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-130 бұйрығы.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, яғни осы жылдың 27 қаңтарынан бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Құжаттың толық нұсқасымен сілтемеден танысуға болады: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022096