ДЗ мен МБ СҰО цифрландыру департаменті ақпараттық жүйелер мен сервистерді оңтайландыру бойынша қандай жұмыс атқарып жатыр?

11.08.2022

Сұрақ-жауап» айдарында ДЗСҰО цифрландыру департаментінің басшысы Тимур Жұмахаев жауап береді:

 

- Біздің команда сарапшылардың өтініш берушілермен жұмысын қарапайым, ыңғайлы және тиімді етуге көмектесетін жаңа технологияларды цифрландыру және енгізумен айналысады. Біздің штатымызда әзірлеуші мамандар қызмет атқаратындықтан, олар бағдарламаларды, ақпараттық жүйелер мен сервистерді жетілдірумен де айналысады. Орталықтың қызметттері пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін ағымдағы жылы ДЗСҰО ақпараттық жүйелерінде бірқатар жаңа функционалдар енгізілді. Олар туралы төменде толығырақ айтып береміз:

 

Фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін мониторингтеу

 

Ағымдағы жылдың шілде айында «сары карталарды» жіберушілерді тіркеу процесі автоматтандырылды. Бұрын хабарламаны жіберер алдында пайдаланушы жағымсыз реакциялар туралы хабарламаларды жіберуге жауапты қызметкердің жеке деректерін толтырып, электрондық пошта арқылы тиісті департаменттің жауапты қызметкеріне жіберетін. Одан кейін оның «жеке кабинетіне» жүйеге кіру үшін логин мен пароль берілетін.

Қазір тіркелу үшін «жеке кабинетте» мәліметтерді толтырып, «Тіркелу» батырмасын басу жеткілікті. Логин мен пароль тіркелу кезінде енгізіледі және дәрілік препаратты немесе медициналық бұйымды қолданғаннан кейін пайда болған жағымсыз реакция туралы ақпаратты толтыру және жіберу процесі барысында авторизациялану үшін пайдаланылады.

«Қауіпсіздік пен сапаны бағалау» порталы

 

Осы жылдан бастап «Қауіпсіздік пен сапаны бағалау» порталының пайдаланушылары сапаны бағалау жұмыстары аяқталғаннан кейін бірден автоматты түрде қалыптастырылған орындалған жұмыстар актісін алады. Бұл қызмет актіні басып шығару, қол қою және  пошта операторы арқылы жөнелту, сондай-ақ өтініш берушілерден қайтарылмайтын дананы беруді талап етпеу сияқты процедураларды автоматтандыруға мүмкіндік береді, осылайша еңбек ресурстарының шығындарын азайтады. Жаңа функцияны өтініш берушілер бағалап, қолдап жатыр, өйткені орындалған қызметтер үшін актіні уақтылы алу бухгалтерлік есеп пен салық заңнамасының сапасына әсер етеді.

 

Орындалған жұмыстар актісінің түскені туралы хабарлама

Орындалған жұмыстыр актісін қарау

 

Орындалған жұмыстар актісі

 

Сондай - ақ, «нарықтан іріктеу» бойынша шарттар» модулі пысықталды - өндірушіні таңдау және сенімхаттың қолданылу мерзімін көрсету мүмкіндігі пайда болды.

     

«Сараптама» порталы

 

Ақпараттық жүйелерді оңтайландыру жұмыстары «Сараптама» порталында да жүргізілді. Онда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды инспекциялау үшін, клиникалық-техникалық негіздемеге және жалпы техникалық сипаттама бойынша шарт жасасу үшін, жарнамалық материалдарды бағалау бойынша жаңа функционал және сараптама журналы қосылды.

 

Дәрілік заттармен байланысты қызметтер бағыты бойынша жаңа функционал оңтайландырылды. Ол арқылы шартты, төлемге өтінімді қалыптастыруға, өтініш беруге болады. Сараптамалық жұмыстарды бастапқы кезеңнен соңына дейін осы порталда бақылауға мүмкіндік бар. Сарапшылар үшін ішкі порталды пысықтау және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

 

 

 

Дәрілік заттардың референттік бағасын белгілеу

 

«Дәрілік заттардың референттік бағасын белгілеу» порталында сараптамаға алынған өтініштер «пысықтауға» жіберілгенде оған комментарийлер жазу функционалы қосылды. Бұл функционал өтініш тіркелгенге дейінгі кезеңде кері байланыс алуды тездетеді.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап медициналық бұйымдардың (медициналық техниканың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың) саудалық атауы мен техникалық сипаттамасының шекті бағаларына талдау жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге электрондық өтінімдерді беру, қабылдау «Медициналық бұйымдардың бағасын белгілеу» порталы арқылы жүзеге асырылады. Сараптамалық жұмыстардың кезеңдерін порталдағы «жеке кабинет» арқылы қадағалауға болады.

Нұсқаулықтар мен  орамдардың макетін мемлекеттік тілге аудару қызметтері

 

Нұсқаулықтарды аударуға арналған функционал шартты қалыптастыру кезеңінен бастап аударылған файлды алуға дейін оңтайландырылды, өтініш беруді пысықтау және оңтайландыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

 

Сондай-ақ, цифрландыру департаментінің мамандары пайдаланушыларға ақпараттық жүйелермен жұмыс бойынша кеңес беріп, техникалық қолдау көрсету бойынша сұрақтарына жазбаша жауап береді.

Әрбір пайдаланушы сараптамалық жұмыстардың кезеңдерін және берілген қорытындыларға түсініктемелерді, сондай-ақ өтінімнің статусын «Жеке кабинет» арқылы қадағалай алатынын еске саламыз.

 

Портал жұмысына қатысты техникалық қолдау көрсету бойынша өтінімдерді portal@dari.kz  электрондық поштасына жіберуге болады.