Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы 235 135 call-орталығын іске қосады

25.08.2022

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы 235 135 бірыңғай call-орталығын іске қосады.

Call-орталық дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

Call-орталыққа ұялы операторлардан және басқа өңірлерден қоңырау шалу үшін Нұр-сұлтан қаласының +7 (7172) 235-135 коды бар бірыңғай нөмірді теру қажет.

Call-орталықтың дауыстық мәзірі келесі әрекеттердің бірнеше нұсқаларын ұсынады, олардың әрқайсысы белгілі бір санға сәйкес келеді:

- «1» санын таңдау кезінде Ұлттық орталықтың өндірістік қызметтері бойынша келесі ақпаратты алуға болады: дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау, фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеу, сапаны бағалау, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға референттік баға белгілеу, фармацевтикалық инспекция және медициналық бұйымдардың инспекциясы, медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамаларын бағалау және клиникалық-техникалық негіздемесі, медициналық техниканы біріздендіру;

- «2» санын таңдау кезінде шарттар жасасуға байланысты заңды мәселелер бойынша ақпарат аласыз;

- «3» санын таңдау кезінде - өтініш берушілермен, жеткізушілермен төлем мәселелері және өзара есеп айырысу бойынша ақпарат;

- «4» санын таңдау кезінде – Ұлттық орталықтың ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасауға техникалық қолдау көрсету бойынша ақпарат.

Айта кетейік, Ұлттық орталық қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасауға, ашық және жедел байланыс жүйесін енгізу арқылы Орталыққа жүгінген азаматтардың сұранысын қанағаттандыруға ықпал ететін тиімді коммуникацияға мүдделі. Call-орталықты іске қосу кері байланысты күту уақытын айтарлықтай қысқартады және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алады деп күтілуде.