Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы болашақ фармацевтерді фармацевтикалық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау жүйесімен таныстырады

14.06.2022

Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының (бұдан әрі - ДЗСҰО) қызметкерлері болашақ фармацевтерге Қазақстанда фармацевтикалық өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тіркеуге дейінгі тіркеуден кейінгі қадағалау жүйесімен таныстырды.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында Астана медицина университетінің (бұдан әрі-АМУ) «Фармация» мамандығының студенттері үшін ашық есік күні өтті.

Шараны ашқан Ұлттық орталықтың бас директоры Еркен Дәуітбаев студенттерге ілтипат білдіріп, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің, оның ішінде фармацевттердің халықты сапалы, тиімді және қауіпсіз препараттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелеріндегі маңызды рөлін атап өтті.

«Ұлттық орталықтың 25 жылдық тарихы бар. Мұнда белгілі фармаколог ғалымдар, медицина ғылымдарының докторлары жұмыс істеді және жұмысын жалғастыруда. Орталықтың ең маңызды міндеттерінің бірі кәсіби кадрларды даярлау болып табылады, біз ұрпақтар сабақтастығы қағидатын ұстанамыз және перспективті қызметкерлерді анықтаймыз. Біздің қызметкерлеріміздің шамамен 30 пайызы - жас кадрлар», - деді Еркен Дәуітбаев.

Бас директордың айтуынша, бүгінде фармацевтика саласы белсенді дамып келеді. Нарықта жаңа өндірушілер пайда болуда, халықаралық стандарттар енгізілуде, өнімдердің түрлері кеңеюде, жаңа буын препараттары ойлап табылуда. «Бүгінгі іс - шараның мақсаты студенттерді фармацевтикалық өнімнің өмірлік циклінде маңызды орын алатын Ұлттық орталықтың қызметімен таныстыру, кәсіби және күнделікті өмірде қажетті практикалық дағдыларға үйрету болып табылады», - деп қосты ол.

Кездесу шеңберінде орталық сарапшылары студенттерді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеуге дейінгі сараптама кезеңдерімен егжей-тегжейлі таныстырды, сондай-ақ нарықтағы айналым кезеңінде фармацевтикалық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалау жүргізу туралы айтып берді.

Осылайша, сапаны бағалау департаментінің басшысы Айсұлу Ахимова тіркеуден кейінгі қадағалаудың негізгі тетіктері болып табылатын Қазақстандағы дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау рәсімдері туралы айтып берді. Спикердің айтуынша, сапаны бағалау қазақстандық нарықта сапасыз және қауіпсіз емес фармацевтикалық өнімдер айналымының алдын алып, халықтың аурушаңдығы мен өлім-жітімінің көрсеткіштерін төмендетуі мүмкін. Болашақ фармацевтер үшін түпнұсқалық препарат пен сәйкестік сертификатын жалғаннан ажырата білу жолдары түсіндірілді. Бұл үшін теориялық, сонымен қатар практикалық білім мен дағдылар қажет.

Студенттерге фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын мониторингтеу департаментінің басшысы Мәлік Әбдірахманов Қазақстандағы фармакологиялық қадағалау жүйесі және дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан кейін жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда не істеу керектігі туралы айтып берді. Ол барлық тараптардың - медицина қызметкерлерінің, фармацевтердің, пациенттердің - жағымсыз реакцияларды анықтауға және карта-хабарламаларды толтыру кезінде белгіленген алгоритмді сақтауға қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның практикалық бөлімінде цифрландыру департаментінің басшысы Тимур Жұмахаев дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың Мемлекеттік тізілімімен жұмыс істеуді көрсетті. Мемлекеттік тізілім - бұл Қазақстанда тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурс. Сондай-ақ, тізілім арқылы фармацевтикалық өнімді өндіруші туралы ақпарат, қаптама туралы мәліметтер, жалпы сипаттама, препараттың құрамы, қолдану жөніндегі нұсқаулық, сапа сертификаттары және т. б. сияқты деректер бар.

Қазақстанда тіркелген дәрілік заттар туралы ақпаратты іздеудің тағы бір қолжетімді және ыңғайлы тәсілі - DariKZ мобильді қосымшасы. Препарат туралы, оның көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері туралы ақпараттан басқа, мобильді қосымшада препараттың шекті құны, сапа сертификаты, қаптамасы туралы деректер. Дәріханалардың сөрелеріндегі қаптаманы сканерлеу арқылы оны түпнұсқа макетпен салыстыруға болады.

АМУ фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру бойынша фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Қарлығаш Ақпаева атап өткендей, студенттер бүгінгі іс-шараға қатысып, нарықта айналымдағы фармацевтикалық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін фармацевтика саласының танымал сарапшылармен танысты. Оның айтуынша, бұл кездесу студенттердің кәсіби өсуіне түрткі болды.

«Бүгін біз өз көзімізбен бұрын теория жүзінде білетінімізді, практикада көре алдық. Дәрі – дәрмек пен медициналық бұйымдарды тіркеу қалай жүретінін, сондай - ақ саланың ыңғайлы ақпараттық сервистерімен таныстық, - деп АМУ «Фармация» факультетінің студенті Сымбат Құдайберген атап өтті.

Іс-шара соңында спикерлер болашақ фармацевттерге сәттілік тілеп, фармацевтикалық саланың кәсіби кадрларын даярлау үшін одан әрі өзара әрекеттесуге дайын екендіктерін білдірді.

Іс-шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» әрбір азаматқа арналған «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп үшін ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыру міндетін іске асыру шеңберінде өтті.