Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

17.06.2022

Бүгін Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шараны Ұлттық орталықтың бас директоры Еркен Дәуітбаев құттықтау сөзінен бастады. Ол бұл мереке денсаулық сақтау қызметкерлерінің саланың дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтетін күн екенін атап өтті. «Біз халық денсаулығының қауіпсіздігін қорғауға және нығайтуға назар аударуды жалғастырамыз. Бұл маңызды істе сарапшылар мен мамандар біздің орталықтың маңызды ресурсы болып табылады. Біздің жұмысымыз – терең білім мен жуапкершілікті талап ететін жоғары қызмет», - деді бас директор. Ол сондай-ақ әріптестеріне кәсіби шеберлігі мен жанқиярлығы, отандық денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор еңбегі мен үлесі үшін алғыс айтты.

Салтанатты іс-шара аясында марапаттау рәсімі өтті. Орталықтың ең үздік қызметкерлері төсбелгілермен марапатталды. Осылайша, «Еңбек ардагері» медалімен фармацевтикалық сараптама басқармасының I санатты сарапшысы Гаухар Төлеуова, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен - Алматы қаласындағы аумақтық филиалдың I санатты маманы Күлжан Қосжанова, ҚР Мемлекеттік фармакопеясын және ЕАЭО фармакопеясын жетілдіру басқармасының II санатты сарапшысы Елена Северова, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен фармацевтикалық сараптама басқармасының I санатты сарапшысы Жанар Қожанова, биологиялық сынақтар зертханасының I санатты маманы Алмагүл Нұрымбетова, Тараз қаласындағы бөлімше басшысы Хасима Даурбаева, сапаны бағалау департаментінің басшысы Айсұлу Ахимова, медициналық бұйымдар инспектораты басқармасының I санатты инспекторы Айман Кәрімова, мамандандырылған сараптама басқармасының I санатты сарапшысы Бану Хандиллақызы марапатталды.

Денсаулық сақтау министрі мен Орталықтың бас директорының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының тағы бірнеше қызметкері сала қосқан маңызды үлесін үшін аталып өтті.