Дәрілік заттардың тіркеу деректеріне қойылатын талаптар бойынша оқыту семинарлары

08.07.2022

ҚР ДСМ М және ФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы Дәрілік заттарды сараптау департаментінің басшысы, б.ғ.д. Шынар Байдуллаеваның оқыту семинарларына қатысуға шақырады:

 

Семинар тақырыбының атауы

Өткізу күні

Қарастырылатын сұрақтар

1

Дәрілік заттарды реттеуші жүйе тұрғысынан жіктеу. Қайта өндірілген дәрілік заттардың тіркеу дерекнамасын ұсынуға қойылатын талаптар

20 шілде

1) Реттеуші жүйе және оның тіркеу дерекнамасында ұсынылатын дәрілік заттарды зерттеу көлемімен өзара байланысы тұрғысынан дәрілік заттарды жіктеу;

2) Қайта өндірілген дәрілік заттарды зерттеу көлеміне қойылатын талаптардың ерекшеліктері;

3) Биофармацевтикалық жіктеу жүйесі.

2

Гибридті дәрілік препараттардың тіркеу деректеріне қойылатын талаптар

21 шілде

1) Гибридті дәрілік препарат дегеніміз не?

2) Гибридті препараттың «типі/түрі» ерекшеліктеріне байланысты тіркеу дерекнамасына және зерттеулер көлеміне қойылатын талаптар;

3) Гибридті препараттың «типі/түрі» ерекшеліктеріне байланысты тіркеу дерекнамасына және зерттеулер көлеміне қойылатын талаптар.

3

Медициналық қолданылуы жақсы зерттелген дәрілік препараттың тіркеу дерекнамасына қойылатын талаптар

22 шілде

1) Дәрілік препаратты медициналық қолданылуы жақсы зерттелген дәрілік препаратқа жатқызу критерийлері?  

2) Медициналық қолданылуы жақсы зерттелген дәрілік препаратқа фармацевтикалық әзірлеу;

3) Клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер бойынша библиографиялық шолуды дайындау тәсілдері;

4) Жақсы зерттелген медициналық қолданылуы бар дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы.

 

Семинарлар аяқталғаннан кейін бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, 3-ші қабат, үлкен конференц-зал

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

+7 (727) 273-11-45,

+7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz

Оқыту барлық эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып жүргізіледі.

 

Мәлімет үшін:

Оқуға тіркелу төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • Оқуға өтінімді толтыру және жіберу

Өтінім әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді. Толтырылған өтінім тіркеу үшін k.nussupova@dari.kz, d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайға жіберіледі.

  • ҚР ДСМ М және ФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жобасын жасау үшін заң кеңесшісіне (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекенжайы бойынша қолма-қол алып келу қажет.

«Төлемге өтінім» шартына қосымшаны толтыру міндетті!

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі (1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен).

·         Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.