Денсаулық сақтау саласындағы реформа: қорытындылар мен перспективалар

10.01.2013

Денсаулық сақтау саласы үшін өткен жыл түрлі оқиғалар мен жаңалықтарға толы болды.  Профилдік министрлік денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»  бағдарламасын жүзеге асырудың екінші жылын аяқтады.

Жетістіктер, басымдықтар мен жоспарлар туралы Рrimeminister.kz сайтына берген сұқбатында ведомствоның жауапты хатшысы Серікбол Мусинов ой бөлісті.

- Серікбол Рахымқанұлы, денсаулық саласының 2012 жылғы алдын ала қорытындыларын қалай бағалар едіңіз?  «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру барысы туралы айтып беріңізші?

- Министрлік өз жұмысының басымдығы ретінде жұртшылықтың өлім-жітімі мен мүгедектігінің негізігі себептерінің алдын алуды атайды. 2010 жылмен салыстырғанда, өмір жасының күтілетін ұзақтығы 0,6 жасқа (68,4) ұлғайып, 69,01 жасты (жоспардағы 68,74 жасқа қарағанда) құрады. Ана өлімінің деңгейі 19%, сәби өлімінің деңгейі  8% азайды. Әр 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітім 8,7 құрады, яғни 2,8% төмендеді. Қан айналымы жүйесі сырқатынан болатын өлім 27%, бақытсыз жағдайлардан, улану мен жарақаттанудан болатын өлім 5%, туберкулезден болатын өлім 10% азайды.

Республикадағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты, аса қауіпті жұқпалы ауларлар әкелу оқиғасы тіркелген жоқ. 15-49 жас аралығындағы ВИЧ-инфекциясының таралуы 0,2% деңгейінде тұр.

Бұдан басқа, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орындауға тарту жалғастырылуда, оның шеңберінде 2011 жылы 18 жоба, 2012 жылы 25 жоба жүзеге асырылды.

Денсаулық  сақтау министрлігі өңірлердегі әкімдермен бірлесіп 2012 жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен 13 денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтады, оның ішінде «100 мектеп және 100 аурухана» және «Денсаулық сақтау саласының 350 нысанын салу» жобалары аясында 4 нысан бар.

Республика көлемінде Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілген. Бүгінде республикада 500 астам психологтар мен  2 100 астам әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді, екінші және үшінші медбике лауазымы енгізілді.

Астанада Елбасының тапсырмасымен ашылған әлемдік деңгейдегі Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық табысты жұмыс істеуде, онда бірегей ғылыми зерттеулер мен операциялар жүргізіледі. Мұнда 2 мыңнан астам кардиохирургиялық операция жасалды. Алғаш рет осында донор жүрегі ауыстырып салынды.

А.Н.Сызғанов атындағы ғылыми хирургия орталығында Алматы қаласында туысқан донордан бауыр ауыстырып салынса, Алматы қаласындағы №7 клиникалық аурухана базасында бүйрек пен асқазан асты безін салу операциясы жасалды.

Бұдан басқа, республикалық маңыздағы жолдарда трассалық дәрігерлік-құтқару бекеттері салынды және санитарлық авиация қызметі құрылды, оның жұмысын үйлестіру үшін Республикалық үйлестіру орталығы ашылды.

2012 жылы біз Қазақстан Республикасы Үкіметі 2012 жылдың наурыз айында бекіткен  «2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасында онкологиялық жәрдем беруді дамыту» бағдарламасын іске асыруға кірістік.

Ауыл халқына медициналық жәрдемнің қолжетімділігін 49 жылжымалы медициналық кешен жүзеге асырады, оны пайдалану арқылы жыл басынан бері 500 мыңнан астам адам тексерілуден өтті. Телемедицинаны енгізу жалғасуда, қазіргі кезде 186 телемедициналық орталық жұмыс істейді, 12 мыңнан астам телеконсультация берілді.

- Денсаулық сақтау саласының жекелеген бағыттарын қаржыландыру туралы не айтар едіңіз? Дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің басқа да санаттарының еңбектері қалай ынталандырылады?

- Амбулаториялық дері-дәрмектік қамтамасыз етуді жетілдірудің арқасында сырқаттардың жекелеген санаттары осы жылдан бастап толығымен мемлекет есебінен қамтамасыз етілетінін айтқым келеді. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінді. Сырқаттарды амбулаторлық қамтамасыз ету үшін АДЖКК  шеңберінде 2012 жылы жергілікті бюджеттен 23 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, 2011 жылы бұл цифр 19 млрд теңгені құраған болатын.

Қазір Министрлік Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп денсаулық сақтау саласындағы технологияны беру және  институционалдық реформаны жүргізуді іске асыруда. Жоба денсаулық саласын қаржыландыруды және жаңғыртуды, аурухана секторын қайта өңдеуді, медициналық білім беру мен ғылымды реформалауды, денсаулық сақтаудың ақпараттық  жүйесін дамытуды, дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді жетілдіруді, ДСҰ кіру бағдарламасы бойынша азық-түлік қауіпсіздігін сақтауды қарастырады.

Өздеріңіз білесіздер, бағдарламаны жүзеге асыру сапасы барлық деңгейдегі менеджментке  тікелей байланысты. Осы менеджмент арқылы әкімшіліктің қазіргі заманғы әдістері, оның ішінде еңбекке ақы төлеудің жаңа ұстанымдары енгізіледі. Бұл ұстаным дәрігерді жұмысының түпкі нәтижесіне, яғни емдеу сапасы мен пациенттің қанағаттанушылығына бағыттайды. Әртараптандырылған үстеме ақыларды қоса есептегенде дәрігердің орташа жалақысы - 116 мың теңге, орта медицина қызметкерлері мен  фармацевтикалық қызметкерлердің жалақысы  - 75,4 мың теңгені құрайтын болады.

2011 жылдан бастап жан басына шаққандағы ынталандыру компоненті енгізіле бастады, бұл да түпкі нәтижеге тікелей байланысты. Бұл дәрігерлердің жалақысына тоқсан сайын қосымша  85 мың теңге, медбикелерге - 48 мың теңге, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтарға - 32 мың теңге төлеуге мүмкіндік берді.

Қаржыландырудың жаңа ұстанымдары жеке жеткізушілердің үлесін 16% дейін арттыруға мүмкіндік берді. Жекелеген емдеу-диагностикалық қызмет түрлерін бәсекелес ортаға беру тәжірибесі жүргізілуде. Практика аталған әдістің жоғары тиімділігін көрсетіп отыр.

- 2013 жылға арналған  перспективалар туралы айтып беріңізші. Сіздердің Министрлік қандай болжамдар мен жоспарларды алдына қойып отыр?

- Жаңа жылда Министрлік мемлекеттік бағдарламаның басым бағыттары - ана мен бала өлімін азайтуды, қан айналымы жүйесі ауруларынан, онкологиялық аурулардан, жарақаттанудан, туберкулезден болатын өлім-жітімді азайту шараларын дамытуды жалғастыра беретін болады. Екіншіден - біз еліміздің барлық өңірлерінде инсульттік орталықтарды ашуды, үшіншіден - көлік медицинасын дамытуды, «алтын уақыт» ережесін енгізуді жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, амбулаториялық дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру, трансплантация жасауды дамыту, өз денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыруды енгізу, жалпы денсаулық сақтау саласына медициналық жәрдемнің инновациялық жобалары мен алдыңғы қатарлы технологияларын енгізуді, паллиативті көмек қызметін дамытуды, білім мен пркатикалық дағдыларды бағалау жүйесін дамытуды, сондай-ақ жұртшылық пен медициналық қауымдастықтарды дәрі-дәрмен құралдары туралы белсенді түрде ақпараттандыруды жоспарлаудамыз.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды