ДҚСҰО-да жарнама мен жарнамалық материалдарды бағалау аясындағы заңнама түсіндірілді

07.07.2015

2015 жылдың 2-ші шілдесінде Ұлттық орталықта бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің, фармацевтикалық фирмалар мен дистрибьюторлық компаниялардың менеджерлерінің қатысуымен дәрілер мен медициналық бұйымдардың жарнамасы аясындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру жөніндегі семинар өткізілді.

Семинарды ДҚСҰО-ның бас директоры С.Р. МУСИНОВ өткізді. Семинарға фармацевтикалық өкілдіктер мен ұйымдардың 79 маманы қатысты.

Фармацевтикалық қызмет пен халықаралық қатынасты жетілдіру Басқармасының мамандары 2 тұсаукесер ұсынды: «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалау аясындағы Қазақстан Республикасының заманауи заңнамасы» және «ДЗ, ММБ және МТ жарнамалық материалдарын бағалаудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі».

Бірінші тұсаукесердің көрсетілімі кезінде жарнама аясындағы ҚР заманауи заңнамасына шолу жасалып, «Жарнама туралы» ҚР заңның, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодекстің, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодекстің талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, семинарда «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылға 27 ақпандағы №105 бұйрығының талаптары жан-жақты түсіндірілді.

«ДЗ, ММБ және МТ жарнамалық материалдарын бағалаудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі» атты тұсаукесерді ұсына отырып, ДҚСҰО мамандары жарнамалық материалдарды бағалау кезінде жиі жіберілетін типтік қателіктерді атап өтті.

Толығырақ ақпаратты және семинар кезінде қойылған сұрақтардың жауабын «Фармация Казахстана» журналының шілде айындағы санынан оқи аласыздар. Тұсаукесерлермен dari.kz сайтында таныса аласыздар.

ДҚСҰО-ның

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі