«Дәрілік заттар тұрақтылығының деректерін тіркеу құжаттамасына ұсыну» оқыту семинары туралы

16.11.2022

ДСЗҰО Ғылыми-білім беру орталығында 2022 жылғы 30-шы қарашада дәрілік заттарды сараптау департаменті фармацевтикалық сараптау басқармасының сарапшысы Әсем Ықласова «Дәрілік заттар тұрақтылығының деректерін тіркеу құжаттамасына ұсыну» тақырыбындағы оқыту семинарын өткізеді.

 Семинарда талқыланатын сұрақтар:

1.   Белсенді фармацевтикалық субстанция мен  препараттың тұрақтылығын зерттеу;

2.    Ұлттық рәсімге сәйкес және ЕАЭО талаптары шеңберінде 3 модульдің 3.2.S.7 и 3.2.P.8 бөлімдеріндегі деректерді ұсыну;

 Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, 3 қабат, үлкен конференц-зал

1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен)

Мәлімет үшін !

Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, 3 қабат, үлкен конференц-зал

1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен)

Оқуға тіркелу үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • Оқуға өтінішті толтыру және жіберу (өтініш нысаны хатқа қоса берілген)

Өтініш әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді, ары қарай тіркеу үшін d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.

  • ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМКмен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісінің (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет.  ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

Шарттың «Төлемге өтінім» қосымшасын толтыру міндетті! Толтырылған құжатты d.altybay@dari.kz  поштасына  *pdf (қолы бар) және *word форматында жіберу қажет.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі

  • Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

+7 (727) 273-11-45,

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz

+7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz