Дүниежүзілік Банк Қазақстанның дәрілік заттар айналымындағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танутыда

22.09.2015

Қыркүйек айының 17-18-нде Алматы және Алматы облысына жұмыс сапарымен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторын институционалды реформалау және технологияларды табыстау» Жобасын жүзеге асыруды қолдаушы топ ҚР ДСӘДМ Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын ұлттық сараптау орталығына келді. Дүниежүзілік Банктің жобалық командасының басшысы Марсело БОРТМАН мырза, команданың маманы Бақтыбек ЖҰМАДІЛ және Жобаның ұлттық координаторы Болат ТӨКЕЖАНОВ сарапшы ұйымның бас директоры С.Р. МУСИНОВПЕН кездесті.

Дүниежүзілік даму банкінің басым бағыттарының бірі – сарапшы ұйымның қызметкерлерін Тиісті фармацевтикалық тәжірибелерге үйрету болып табылады. Ескере кету керек, осы күндері Ұлттық Орталықта Дүниежүзілік банктің көмегімен, Украинадан келген сертификатталған маман-оқытушылары «GLP EU: сынақ ұйымдарындағы/зертханаларындағы базалық талаптар мен инспекциялау», «Фармацевтикалық компаниялардағы GMP EU өзектендірілген ережелерінің талаптарына сай тиісті құжаттау жүйесі. Реттеуші ұйымдардың талаптарды интерпретациялауы және олардың инспекциялық бағасын күтуі. Тиісті құжаттау жүйесі – ұлттық инспектораттың сапа жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде», «GCP. Дәрілік заттарды клиникалық зерттеу. Клиникалық зерттеулерді тексеру» деген тақырыптардағы семинар-тренингтер өткізіліп жатыр. Мемлекеттік сараптау ұйымының мамандарын оқытуды Дүниежүзілік Банк қаржыландырады.  

Сонымен қатар, кездесу барысында Ұлттық Орталықтың сынақ зертханаларын дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың айналымының жалпы нарығы қалыптастыру аясында модернизациялау мәселелері жайлы сөз қозғалды.

Орталықтың қызметкерлері ДБ сарапшыларына өз жетістіктері жайлы, оның ішінде EDQM/MJA-093 аккредиттелген аттестатын алғандары туралы айтты. Сол арқылы Сынақ орталығы дәрілік препарттардың сапасын бақылау жөніндегі Жалпы Еуропалық ресми зертханалар желісінің қауымдастырылған мүшесі болды OMCL (GEON).

Ол Дүниежүзілік банктің біздің елмен ынтымақтастығын одан әрі нығайтпақ екенін жеткізді. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығымен бірге қазақстандық сарапшылардың біліктілігін арттыруға бағытталған жоба жүзеге асырылуда. Алда әлі жаңа, Қазақстанның денсаулық сақтау саласының ары қарай дамуына үлес қосатын жобалар күтуде.

Дәрілік заттарды, медициналық

мақсаттағы және медицина техникасын

 сараптау ұлттық орталығының

Қоғаммен жұмыс жөніндегі бөлімі, Алматы қаласы