Дүниежүзілік диабет ауруымен күресу күні

18.11.2013

14 қараша – Дүниежүзілік диабет ауруымен күресу күні. Оның мақсаты - диабет туралы әлемдегі ауру көрсеткішінің өсуі және көп жағдайларда осы аурудың дамуына қалай жол бермеуге болатындығы туралы ғаламдық хабардар болуды арттыру.

Қант диабетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ерекше инфекциялық емес аурулар эпидемиясы ретінде әділ анықтады.

ДДҰ бағалауы бойынша, қазіргі кезде әлемде 185 млн. астам адам диабетпен ауырады. 2030 жылға қарай тиісті араласуларсыз бұл сан екі есеге өсуі ықтимал.

Бүгінгі таңда Қазақстанда қант диабетімен ауыратындар саны 240 мыңнан асады. Республикада қант диабетімен ауыратындардың көптеген мәселесі мемлекеттік саясатқа, медицина қызметкерлері мен қоғам тарапынан осы мәселені түсіне білу мен бірлесіп әрекет ету арқасында шешілуде.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қант диабетін ерте анықтау үшін ересек адамдарға профилактикалық тексеру жүргізіледі.

Бүгінгі таңда медициналық амбулаторлық-емханалық ұйымдарда 400-ге тарта қант диабетімен ауыратындарға арналған мектеп жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау министрлігінің басты мақсаты диабетпен ауыратындарға жан-жақты толықтырылған ем жүргізу және мүгедектілік пен өлімді азайту үшін ауруларды сапалы дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету.

1996 жылдан бастап республикалық бюджеттен диабетке қарсы препараттарды (инсулиндер, таблетка, жеткізу бұйымдары) сатып алуға қаржы бөлінуде және оның көлемі жыл сайын өсіп келеді.

Егер қант диабетімен ауыратындарды емдеуге 2003 ж. 1,1 млрд. теңге қаржы бөлінсе, 2013 ж. ол қаржы 4,2 есеге артып, 5 млрд. теңгеге жетті.

Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік бюджет есебінен сатып алуды жүргізді және 1 типтегі қант диабетімен ауыратын балаларға арналған инсулин – инсулиндік помпаны жеткізудің инновациялық заттарын тәжірибеге енгізді. Қазіргі кезде қант диабетімен ауыратын 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер инсулиндік помпамен қамтамасыз етілген, 2014 жылдан бастап Министрлік басқа жас категориясындағы балаларды инсулиндік помпамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Түрлі елдерде инсулиндік помпаны қолдану көмірсулар алмасуының компенсациясы, гликемия сапасының бақылауы мен қант диабетімен ауыратын балалардың өмір сапасының жақсарғанын көрсетеді.

Мемлекеттің қант диабетінің мәселесі бойынша жүргізетін барлық іс-шараларының негізі мақсаты – Сент-Винсент Деклорациясына қол жеткізу - бұл диабетпен ауыратындардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын дені сау адамға тән параметрлерге дейін жеткізуге бағытталған.

Aқпарат mz.gov.kz сайттынан алынды