ДЗ мен МБСҰО Корпоративтік және ақпараттық қауіпсіздік қызметі оқыту семинарларын өткізді

11.04.2022

 

ДЗ мен МБСҰО корпоративтік және ақпараттық қауіпсіздік қызметі Орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру семинарларын өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, кәсіпорында сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу бойынша шараларды жетілдіру болып табылады.

Семинар барысында Корпоративтік және ақпараттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, Ұлттық орталықтың бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылатын заңдылықты және қызметтік тәртіпті сақтаудың өзекті мәселелеріне тоқталды.

Орталық қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының негізгі нормалары, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы еске салды:

- мүліктік және мүліктік емес игіліктер алу немесе табу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

- материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе қызмет көрсетулерді оларды ұсынған тұлғалардың пайдасына қабылдау;

- ҚР аумағынан тыс орналасқан шетел банктерінде шоттар ашу және иелену.

Сондай–ақ, кәсіпорын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жеке өзі немесе делдал арқылы ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлік түрінде пара алған тұлға пара сомасының 20 еселенген сомасынан 50 еселенген мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыратынын еске салды.

«Біздің орталықтың қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті болмаса, бұл мәселе көпшіліктің алдында талқыланбаса, біз тиісті нәтижеге қол жеткізе алмайтынымызды түсінеміз. Сондықтан біз әрбір құрылымдық бөлімшемен тығыз жұмыс істейміз, ықтимал тәуекелдерді мұқият бақылап отырамыз және осылайша әрбір қызметкерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитетті қалыптастыру қағидаттарын жеткіземіз», - деп Ұлттық орталықтың корпоративтік және ақпараттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Асқар Майшин өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі және құрылымдық бөлімшелерде тоқсан сайынғы семинарларды қамтиды.

Естеріңізге сала кетейік, мүдделер қақтығысы туындаған және сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша ақпаратты Кәсіпорын қызметкерлері anticor@dari.kz электрондық поштасына жібере алады.