ДЗ, ММБ және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің мамандарына үш тақырып бойынша оқыту жүргізілді

09.10.2015

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығында (ДЗ, ММБ және МТ СҰО) «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институциональді реформа жүргізу» Жобасына сәйкес ҚР ДСӘДМ техникалық көмек көрсету бойынша  ДЗ, ММБ және МТ СҰО және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің мамандарына үш тақырып бойынша оқыту жүргізілді.

2015 жылдың 14-18 қыркүйек аралығында  «Тиісті зертханалық  практика (GLP)» тақырыбы бойынша барлығы 22 тыңдаушы оқытылды, оның 21-і  – Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығының мамандары және 1 маман  Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінен (МФҚБК АД). Оқуды  «Клинфарм» БАЛ директордың сапа жөніндегі орынбасары, сертификаты бар GMP/GDP инспекторы, Кравец Наталия Николаевна жүргізді, Украина.

2015 жылдың 14-25 қыркүйек аралығында  «Тиісті өндірістік практика (GMP)» тақырыбы бойынша 30 тыңдаушы оқытылды, олардың 28-і  ДЗ, ММБ және МТ СҰО қызметкерлері, 1 тыңдаушы – Алматы қ. МФҚБК АД маманы. Оқуды сертификаты бар GMP/GDР сарапшы/инспектор/оқытушы фарм.ғ.к. Никитюк Валерий Григорьевич және GMP/GDР сарапшы/инспектор/оқытушы фарм.ғ.к. Шакина Татьяна Николаевна жүргізді, Украина.

2015 жылдың 28 қыркүйегінен 2 қазан аралығында «Тиісті клиникалық практика (GСP)» тақырыбы бойынша оқыту жүргізілді, барлығы 31 тыңдаушы оқытылды, олардың  – 29 маманы ДЗ, ММБ және МТ СҰО және 2 маман Алматы қ. МФҚБК АД маманы. Оқуды Украина ДСМ Мемлекеттік сараптау орталығының Клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеу департаментінің Клиникалық зерттеулерді сараптау және үйлестіру бөлімінің бастығы Ковтун Людмила Ивановна жүргізді.

Біліктілікті арттыру үш циклінің тыңдаушылары теориялық білім алып, оны тәжірибеде бекітті. Лекциялық материалды тұжырымдау бойынша тәжірибелік сабақтар зертханада, фармацевтикалық өндірісте және клиникалық базада жүргізілді. Тренингтер аяқталғаннан кейін пікір алмасу болды: тыңдаушылар мен оқытушылар бірлесіп атқарылған жұмысқа  ризашылықтарын білдірді.