ДЗСҰО-да американдық фармакопеялық конвенция (USP) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

17.01.2020

ДЗСҰО-да дәрілік заттардың сапасын жылжыту бағдарламасы шеңберінде (PQM) Қазақстанның РIC/S (фармацевтикалық инспекциялардың халықаралық ынтымақтастық жүйесі) құрамына кіруі және ДЗСҰО зертханаларының ДДСҰ қайта квалификациясынан өтуі мәселелеріне арналған АҚШ Фармакопеялық конвенциясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

 

Іс-шараға ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитеті төрайымының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков, ДЗСҰО Бас директоры Арнұр Нұртаев, ДЗСҰО Бас директорының дәрілік заттар жөніндегі орынбасары Айжамал Батралиева және ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК басқа өкілдері қатысты.

 

Американдық тараптан USP техникалық менеджері Хари Раманатан және кеңесші Наталья Морозова қатысып, осы бағдарламаларды іске асыру жөнінде өз ұсынымдарын ортаға салды. 

 

Хари Раманатан Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ДЗСҰО сынақ зертханаларына алдын ала бағалау жүргізуден кейін зертханалық базалардың техникалық қуатының, оның ішінде персонал біліктілігінің мейлінше жоғары деңгейде екенін атап көрсетті.

 

- Жекелеген зертханалар аккредитациядан өтуге іс жүзінде дайын, ал біз өз тарапымыздан ДДСҰ қайта квалификациялауынан өтуге және оған дайындалуға қажетті кеңестік қолдау көрсетеміз, - деді техникалық менеджер. 

 

Кездесу шеңберінде тараптар ДЗСҰО қызметкерлері үшін GMP- инспекциялау және  РIC/S құрамына кіру мәселелері жөнінде оқу семинарларын өткізу туралы келісті.

 

ДЗСҰО Баспасөз қызметі