ДЗСҰО-да Египеттің медициналық индустрия бойынша сараптамалық кеңесімен кездесу өтті

19.05.2015

ҚР ДСӘДМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК 2015 жылдың 12 мамырында Египеттің медициналық индустрия бойынша сараптамалық кеңесінің атқарушы директоры Нивин Хосам ханым басқаратын Египеттен келген делегациямен бас директордың бірінші орынбасары Д.М.Сабденалиев арасында кездесу өтті.

Кездесуге дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын өндіретін Египет компанияларының оннан астам өкілі қатысты. Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық актілерге қатысты және ЕАЭО шеңберінде тірку және сараптау процедуралары баяндалды, сонымен қатар тіркеу жүргізу және уәкілетті органдар мен Ұлттық орталық арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде Нивин Хосам ханым және Қазақстандағы Египет елшілігінің өкілдері және Египет фармацевтикалық өндірушілері өкілдерінің атынан шыққан делегация мүшелері бас директордың бірінші орынбасары Д.М.Сабденалиевті денсаулық сақтау жүйесінің мәселелері бойынша кеңесі үшін алғыс айтты және қазақстандық тараптың өкілдерін 22-ші Қазақстан Халықаралық «Денсаулық сақтау» KIHE көрмесіне «Египет Экспо және УЭЭС» көрме павильонын тамашалауға шақырды.