ДЗСҰО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті

24.06.2022

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің астаналық департаменті превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Әйгерім Аңсағанова мен «Аманат» партиясы жастар қанаты филиалы төрағасының орынбасары Мағзұм Арсланбектің қатысуымен кездесу өтті. Кездесуді Ұлттық орталықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жоспарлы іс-шаралар шеңберінде Корпоративтік және ақпараттық қауіпсіздік қызметі ұйымдастырды.

Семинар барысында Ұлттық орталықтың қызметкерлеріне 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері таныстырылды. Әйгерім Аңсағанова құжаттың негізгі бөлімдеріне, соның ішінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлық, бюджеттік процестер мен мемлекеттік сатып алудың ашық еместігі, мемлекеттің экономикаға қатысуының жоғары пайызы, азаматтарға құқықтары мен міндеттерін түсінікті түрде жеткізілмеуі, құқық қорғау органдарына сенімнің төмен деңгейі сияқты өзекті проблемаларға егжей-тегжейлі тоқталды.

«Бұл проблемалардың барлығы белгілі, көп нәрсе орындалды, алайда жетілдіретін де тұстар бар», - деді Әйгерім Аңсағанова, сондай-ақ, парасатты қоғам қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушіліктің негізі болатынын атап өтті. Оның айтуынша, егер 2016 жылы алдын алу жұмыстарының арқасында тіркелген істердің саны - 3000 болса, 2021 жылы бұл сан екі есе азайды.

Іс-шараның соңында «Аманат» жастар қанаты елордалық филиалы басшысының орынбасары Арсланбек Мағзұм жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі басты авангард екенін атап өтті.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Еркен Даутбаев аталған іс-шараның мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі күнімен тұспа-тұс келуінің өзінше мәні бар екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет - өз халқы алдындағы ерекше жауапкершілік екенін атап өтті. Біздің қызметімізде біз адалдық, ашықтық, парасаттылық және құқық бұзушылықтың кез-келген нысандарына мүлдем төзбеушілік қағидаттарын ұстануға және кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болғызбауға тиіспіз», - деді Еркен Даутбаев.