ДЗСҰО ДЗ мен ММБ бағасын тіркеу және референттік бағаны қалыптастыруға кірісіп кетті

15.09.2015

Құрметті өтінім берушілер!

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету (АДҚ) үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізбесіне кіретін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медицина техникасы бағасын тіркеу және референттік бағаны қалыптастыруға кірісіп кеткенін хабарлаймыз  (ҚР ДСӘДМ 30.07.2015ж. №543 бұйрығы).

Өтінім берушілер үшін өтінімді онлайн режимде www.moh.kz. сайтында рәсімдеу мүмкіндігімен бағдарламалық жасақтама жасалған. 

Өтінімді  ағымдағы жылдың 21 қыркүйегіне дейін беру қажет.  

Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуды сұраймыз: +7 (727) 273-94-27

 

Бағаны мониторингілеу тобы