ДЗСҰО ғылыми-білім беру орталығында ЕАЭО-дағы дәрілік заттардың ортақ нарығының құқықтық негізі туралы семинар өтті

21.04.2022

Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы ғылыми-білім беру орталығының алаңында фармацевтикалық нарық өкілдеріне арналған «ЕАЭО дәрілік заттардың ортақ нарығының құқықтық негізі» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Дәріскер - фармацевтика ғылымдарының кандидаты, Зертханалары бар сынақ орталығының басшысы Ақмарал Қабденова.

Семинар барысында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) нормативтік құқықтық базасындағы қазіргі ережелер мен өзгерістер, одақтың бірыңғай нарығының артықшылықтары, сондай-ақ ЕАЭО аумағында медициналық өнім айналысы саласын реттеу мәселелері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларының негізгі ережелері мен талаптары, оның ішінде өзара тану рәсімі, орталықсыздандырылған рәсім, референттік мемлекетті таңдау өлшемшарттары, ЕАЭО шеңберінде интеграцияға арналған жалпы процестер және т. б. қарастырылды.

Оқытуға ЕАЭО-да сараптама және тіркеу процесін зерделеуге мүдделі дәрілік заттарды өндірушілердің өкілдері мен өтініш берушілер қатысты.

Семинар соңында қатысушыларға бейресми білім алу туралы куәлік берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Ғылыми-білім беру орталығы алдағы 5 жылға қосымша және бейресми білім беру (үздіксіз кәсіби даму) бағдарламаларын іске асыратын ұйым ретінде ЕОА қосымша және бейресми білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін растады.

Келесі семинар Ғылыми-білім беру орталығы базасында 28 сәуірде «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамалық материалдарын бағалауды жүргізудің негізгі ережелері» тақырыбында өтеді.

Оқыту туралы толық ақпаратты төмендегі нөмірден білуге болады:

+7 (727) 273-11-45, +7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz