ДЗСҰО Ғылыми-білім беру орталығында медициналық бұйымдардың Қазақстандағы айналысы туралы оқыту семинары өтті

06.10.2022

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының Ғылыми-білім беру орталығында Қазақстанда медициналық бұйымдардың айналымы мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинарды Бас директордың медициналық бұйымдар жөніндегі орынбасары Дмитрий Войнован өткізді.

Семинар барысында ұлттық рәсім бойынша (2026 жылғы 1 қаңтарға дейін), сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдарды сараптау қағидаттары қаралды. Тақырыпты таныстыра отырып, дәріскер ЕАЭО-да медициналық бұйымдарды тіркеу тетігі туралы айтып, уәкілетті органдар комиссия белгілеген талаптар мен ережелерге сәйкес орындалған жағдайда зерттеу нәтижелерін өзара мойындайтынын еске салды.

Тақырыптың практикалық бөлігі сараптама кезеңдерінде пайда болатын типтік қателіктерді талдауға арналды. Сондай-ақ, өтініш берушілердің тіркеу құжаттамасын қалыптастыру кезіндегі проблемалық мәселелері талқыланды. Өтініш берушілер жиі жіберетін қателіктердің қатарына порталға ақпараттың дұрыс енгізілмеуі, жалпы талаптарға сәйкестігін негіздеу үшін құжаттардың жетіспеуі, таңбалау бойынша толық мәліметтерді енгізбеу, қателер мен орфографиялық қате жіберулер жатады. Сондай-ақ, дәріскер ЕАЭО рәсімі бойынша түзетулер енгізуге жол берілмейтінін еске салды.

Дмитрий Войнован сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымдарды жарақтандыру үшін медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамаларын және клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалау туралы мәселелерге тоқталды. Дәріскер сараптамалық бағалау тәртібін сипаттап, техникалық талдау жүргізу туралы айтып берді, мысал ретінде медициналық мекеменің медициналық техникаға қажеттілік коэффициентінің есептеулерін көрсетті, өтініш берушілердің қорытындысын алу үшін құжаттар тізімін келтірді.

Дәріскер көтерген медицина қызметкерлері үшін тағы бір маңызды мәселе -Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу механизмі және Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының техникалық талдау жүргізу және қорытынды беру процесіндегі рөлі.

Әр талқылынған тақырыптан кейін белсенді сұрақ-жауап сессиясы өтті, онда Дмитрий Войнован сипатталған жағдайларға практикалық ұсыныстар беріп, порталмен жұмыс істеу процесін түсіндірді.

Қатысушалырдың ойынша, Ғылыми-білім беру орталығында білім алудың артықшылығы - реттеуші орган өкілдерінен ақпаратты тікелей алу және оқу материалдарының түсінікті және ыңғайлы форматта ұсынылуы.                             Семинар соңында қатысушылар бейресми білім алу туралы куәлік алды.