ДЗСҰО РМК сарапшылары жұмыс тобының Қырғыз Республикасына ЕО қосылу шеңберінде көмек көрсету мәселелері бойынша Бішкек қ-на сапарының нәтижелері туралы

23.04.2015

Еуразия экономикалық одағы шеңберінде Қырғыз Республикасына көмек көрсету мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» РМК сарапшылары жұмыс тобының Бішкек қ-на сапараның нәтижелері туралы.

2015 ж. 20 сәуірде Бішкек қаласында ЕАЭО қосылу шеңберінде Қырғыз Республикасына техникалық көмек шараларын келісуге қатысты Бас директор Мусинов С.Р. басқаратын «ҚР ДСӘДМ Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» РМК қазақстандық сарапшылардың жұмыс тобы болып қайтты.

Жұмыс тобының мүшелері Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен бірігіп виварий жасауға қатысты техникалық көмек шараларын келісу, сонымен қатар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар айналысы саласындағы Қырғыз Республикасының уәкілетті орган қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда көмек көрсету мәселесін қарастырды.

Жұмыс тобының мүшелері ҚР ДСМ жанындағы Дәрілік қамтамасыз ету және медицина техникасы департаментінің және Орталық бақылау-талдау зертханасының жұмысымен танысты.

Қырғыз Республикасының Вице-Премьер Министрі Д.А.Ниязалиевамен, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрі Т.А.Батыралиевпен қызметтік кездесу өтті, онда тараптардың реттеуші органдарының өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.