ДЗСҰО тәжірибе бөліседі

29.01.2020

         2020 жылғы 29 қаңтарда Өзбекстанның «Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медицина техникасын сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығы» МУК өкілдері дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптамадан өткізу саласындағы қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында ДЗСҰО ұйымында болды.

         Сапар шеңберінде ДЗСҰО сарапшылары өзбек делегациясын дәрілік заттарға референтті және шекті бағалар белгілеу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу тәртібі, тіркеу куәлігін беру механизмі туралы хабарландырды.

         Бұдан бөлек, өзбек әріптестеріміз ДЗСҰО ақпараттық қамтамасыз етуге, фармакологиядық қадағалауға қатысты мәселелеріне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымын реттеу саласындағы басқа ақпаратқа  қызығушылық танытты.

        Өзбекстаннан келген сарапшылар тобы сапарының өткен жылы қол қойылған  Қазақстандағы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сараптау ұлттық орталығы мен Өзбекстанның «Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медицина техникасын сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығы» МУК арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде ұйымдастырылғанын естеріңізге саламыз.

 

ДЗСҰО Баспасөз қызметі