ДЗСҰО қызметінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау, фармакологиялық қадағалау, баға белгілеу және басқа да бағыттары бойынша 2019 жылғы қорытындысы

28.02.2020

     Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ДЗСҰО) қызметінің негізгі бағыттары бойынша    2019 жылды қорытындылады: атап айтқанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау, фармакологиялық қадағалау, баға белгілеу және басқа да бағыттары бойынша.

     ДЗСҰО мемлекеттік сараптама ұйым болып табылады және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстанда тіркелгенге дейін  немесе тіркелгеннен кейін  оларға сараптама жүргізеді. 

     Мәселен ДЗСҰО 2019 жылы  дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 6 679 сараптамасын жүргізді, сондай-ақ тіркеуден кейінгі кезеңде  72000 астам медициналық өнімнің сәйкестік сертификатын берді.    

     ЕАЭО рәсімдерінің шеңберінде Қазақстан  референттік мемлекет ретінде дәрілік заттардың  сараптамасын жүргізуге   шетелдік және отандық фармацевтикалық өндірушілерден   41 өтінім және медициналық бұйымдардың сараптамасына 3 өтінім қабылдады.  

     ДЗСҰО Бас директоры -  Басқарма төрағасы  Арнур Нұртаевтың  айтуынша   Қазақстанда  дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың  қауіпсіздігі сапасы мен тиімділігі  ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатады және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  ҚР Кодексімен реттеледі.

     – Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сараптамасы  еңбегі ауқымды және көп кезеңді рәсім болып табылады, сараптама барысында өндірістік жағдайды  бағалау, мамандандырылған және ғылыми сараптама, қауіпсіздікке  зертханалық сынау, дәрілер мен медициналық бұйымдардың  сапасы мен тиімділігін сынау жүргізіледі. Барлық дәрілік заттар дәріханаларға  және медициналық мекемелерге түскенге дейін олар қауіпсіздік пен сапаны бағалаудан өтеді. Бұның барлығы  Қазақстан нарығына сапасыз немесе жалған медициналық өнімдердің  түсуінің алдын алу  мақсатында жасалады - деді Арнур Нұртаев.

     ДЗСҰО қызметінің  маңызды бағыттары  фармакологиялық қадағалау  жұмыстары болып табылады,  оның негізгі шарттары  Қазақстанда тіркелген  барлық дәрі-дәрмектің жағымсыз әсеріне мониторинг жүргізу болып табылады.  Мәселен 2019 жылғы қаңтардан бастап желтоқсан аралығында  Қазақстанда  дәрілік заттардың    жағымсыз реакцияларының  жағдайлары туралы 3359 хабарлама карта (сары карта) тіркелген. Барлық карта-хабарламалар    мұқият тексеріп-қаралды, жағымсыз реакциялардың карта хабарламаларының бірқатары бойынша   тиісті іс-шаралар  жүргізілді.     2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы медициналық препараттардың  жағымсыз реакцияларының  мониторингі жөніндегі    ДДҰ-ның жаһандық бағдарламасының толық құқықты  мүшесі болып табылатынын (Уппсала қ., Швеция) және біздің еліміздің  деректері осы ұйымға  жіберілетінін атам өткеніміз жөн.

     2019 жылы дәрілерге баға белгілеу және бағаларды реттеудің  жаңа әдістерін қалыптастыру бөлігінде елеулі жұмыстар жүргізілді.  Сонымен 2019 жылы шілдеде  күшіне енген «Дәрілік заттарға бағаларды реттеу  қағидалары» көтерме және бөлшек саудада өткізу кезінде дәрілік заттарға  шекті бағаларды белгілеуге мүмкіндік берді. Аталған механизмде  халықаралық тәжірибе ескерілген және дәрілік заттарға  бағаларды қалыптастырудың  ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді. 

     Естеріңізге сала кеткіміз келеді,  шекті бағалар жылына екі рет  белгіленеді.  Қазіргі уақытта   дәрілердің 6200 атауына  бағалар белгіленді. Қазақстан аумағында дәрілік препараттарға  бағаларды реттеу  өкілеттігі  Қазақстан Республикасының   Денсаулық сақтау министрлігіне  бекітілген.

     2019 жылы  табысты іске асырылған жобалардың тағы біреуі  бұл «DariKz» дәрілерді іздеу бойынша  мобилді қосымша  іске қосылды.    Бағдарлама Қазақстанда тіркелген  дәрілер, оларға белгіленген шекті бағалар, дәріханалардан босату шарттары туралы толыққанды ақпаратты алуға мүмкіндік береді. 

     DariKz бағдарламасының басымдығының бірі дәріханадағы шекті рұқсат етілген құнынан асырып сатқан жағдайда шағым жасау функциясының енгізілуі болып табылады.    Бүгінгі таңда  аталған мобилді қосымшаны  28 мыңнан астам  қазақстандық жүктеп алды. 

     Сондай-ақ  2019 жылы желтоқсанда ҚР Денсаулық сақтау министрі    Елжан Біртанов Қазақстанның елордасында Еуразиялық экономикалық кеңістік аумағында  барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қазіргі заманғы   бәсекеге қабілетті зертхананы құру мақсатында Назарбаев Университеті базасында   ашылған  дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға зертханалық сынау жүргізетін «Зертханалық сынақ орталығының» (ЗСО) презентациясын жасады. 

     ЗСО мамандарының жыл сайын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың  7000 жуық зертханалық сынағын өткізуі жоспарлануда. 

      Одан басқа 2019 жылы Қарғанды қаласындағы  ДЗСҰО аумақтық филиалының  сынақ зертханасы  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ДДҰ тарапынан инспекциялық аудитті өтті. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының сынақ зертханалары  ДДҰ-ның терең саралауына дайындық үстінде.  

 

 

ДЗСҰО баспасөз қызметі

Телефон: +7 (7172) 78 99 05

E-mail:  press@dari.kz                                                                                                        

www.ndda.kz