«ЕАЭО талаптары аясында клиникалық сынақтардың бастапқы фазасын жүргізу қағидаттары» атты оқыту семинары

08.07.2022

ҚР ДСМ М және ФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы Фармакологиялық сынақтар зертханасының меңгерушісі Валентина Шнаукштаның ағымдағы жылдың 19-ші шілдеде өтетін «ЕАЭО талаптары аясында клиникалық сынақтардың бастапқы фазасын жүргізу қағидаттары» атты оқыту семинарына қатысуға шақырады:

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылады:

1) Дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділігінің жалпы талаптары;

2) ЕАЭО-дағы клиникалық практиканың реттеушілік тәсілдері;

3) ЕАЭО-да клиникалық зерттеулердің тиісті сапасын қамтамасыз ету бойынша нормативтік базаға шолу;

4) Клиникалық сынақ және клиникалық зерттеу: ұқсастық және айырмашылық;

5) Клиникалық зерттеулердің түрлері мен фазалары. Клиникалық сынақ дизайны;

6) Клиникалық сынақтың бастапқы фазасының мәні;

7) ЕАЭО шеңберінде тіркеу мақсаттары үшін клиникалық зерттеулер жүргізудің жалпы әдіснамасы мен қағидаттары;

8) Дәрілік заттардың айналысы саласында клиникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйе;

9) Клиникалық зерттеулерді жоспарлау және жүргізу мәселелері;

10) Клиникалық сынақ жүргізу кезіндегі қауіптер;

11) Биобаламалылықты зерттеу кезінде референттік препаратты таңдау критерийлері.

Семинар аяқталғаннан кейін бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, 3-ші қабат, үлкен конференц-зал

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

+7 (727) 273-11-45,

+7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz

Оқыту барлық эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып жүргізіледі.

Мәлімет үшін:

Оқуға тіркелу төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • Оқуға өтінімді толтыру және жіберу

Өтінім әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді. Толтырылған өтінім тіркеу үшін k.nussupova@dari.kz, d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайға жіберіледі.

  • ҚР ДСМ М және ФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жобасын жасау үшін заң кеңесшісіне (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекенжайы бойынша қолма-қол алып келу қажет.

«Төлемге өтінім» шартына қосымшаны толтыру міндетті!

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі (1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен).

  • Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.