Емханаларда қабылдау уақыты ұзартылды

19.11.2012

Биыл Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы қала емханаларының  жұмысын оңтайландыру жөнінде бірқатар іс-шаралар атқарды.

«Атап айтқанда, елордалық емханаларда қабылдау уақыты мен дәрігерді  шақыртып, үйде қабылдау мерзімі ұзартылды. Енді өткен жылмен салыстырғанда олардың  жұмыс күндері 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болса, 18.00-ге дейін ашық. Ал сенбі,  жексенбі күндері  18.00-ге дейін жұмыс істейтін болса, тиісінше 16.00-ге дейін ашық. Бұл туралы Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті»,-деп жазады елорданың ресми сайты.

Сондай-ақ, қалалық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындардың кезекте тұруын азайтып, қызмет көрсету деңгейін арттыру үшін тіркелу жұмыстарын да оңтайландырды. Сонымен қатар, науқастар емханаға телефон арқылы немесе web-сайттар арқылы жазыла алады.

Аталған мерзім ішінде қаланың емханалары  дәрігерлердің кейбір міндеттерін атқаратын (профилактика мәселелері, телефонмен кеңестер беру, денсаулыққа байланысты отбасына барып әңгіме өткізіп,  дәрігер мен пациенттің арасында дәнекер болу, тұрғындарға бірінші кезектегі  көмектер көрсету) медбикелер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлермен толықты.

Ақпарат inform.kz сайттынан алынды