Әзірбайжан Аналитикалық сараптама орталығы мен ДЗ мен МБСҰО екі елдің аумағында медициналық бұйымдардың айналымы мәселелерін талқылады

21.05.2024

Әзірбайжан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Аналитикалық сараптама орталығының (АСО) делегациясы «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына» (ДЗ мен МБСҰО) жұмыс сапарымен келді. Делегацияны құрамында Орталықтың медициналық бұйымдарды сараптау және әкелуді тіркеу бөлімінің басшысы Рауф Юсифов, сарапшылар Телли Али-заде және Улкяр Мирзоева болды. Делегация өкілдерін ДЗ мен МБСҰО бас директордың медициналық бұйымдар жөніндегі орынбасары Дмитрий Войнован, құрылымдылық бөлімшілердің, Зертханалары бар сынақ орталығының басшылары мен сарапшылары қарсы алды.