Фармакологиялық қадағалау жүйесін жүргізу туралы оқыту семинары

08.08.2022

ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы 2022 жылғы 22 тамызда өтетін  MBA, PhD докторы, AC institute of international education, Prague, CZ директоры М.А. Канушинаның «Фармакологиялық қадағалау сапасы жүйесінің құжаттары. ЕАЭО аумағында тіркеу куәліктерін ұстаушының/иеленушінің фармакологиялық қадағалау жүйесін құруға арналған стандартты операциялық процедура (СОП)» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысуға шақырады.

 

Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:

 

1) Тіркеу күәлігін ұстаушының фармакологиялық қадағалау жүйесі бойынша құжаттамасы

2) Құжаттарды жүргізуге қойылатын талаптар, уәкілетті және байланысушы тұлғалардың жауапкершілігінің аражігін ажырату

3) СОП құрылымы, жазу әдістемесі

4) СОП мысалдарын талдау

5) СОП енгізу, персоналды оқыту, орындалуын бақылау

6) Персоналды оқыту. Сандық технологияларды қолдану.

 

Семинарға қатысу үшін фармацевтика саласының өкілдерін шақырамыз: медициналық бұйымдар мен дәрілік заттарды өндірушілер, фармакологиялық қадағалау жүйесінің уәкілетті тұлғалары және өкілдері, ЕАЭО және Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын тіркеу куәліктерін ұстаушылар.

 

Семинар аяқталғаннан кейін бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

 

Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, 3 қабат, үлкен конференц-зал

 

Мәлімет үшін !

Оқуға тіркелу үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • Оқуға өтінішті толтыру және жіберу (өтініш нысаны хатқа қоса берілген)

Өтініш әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді, ары қарай тіркеу үшін k.nussupova@dari.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.

  • ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК - мен (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісінің (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет.

 

Шарттың «Төлемге өтінім» қосымшасын толтыру міндетті!

 

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

 

ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі (1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен).

  • Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.

 

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

 

+7 (727) 273-11-45,

+7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz