Фармацевтикалық нарық қатысушылары үшін ақпарат

08.02.2021

Құрметті фармацевтикалық нарық қатысушылары!

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы 2021 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін Еуразиялық экономикалық одақ фармакопеясын бекітті.

Одақ фармакопеясының 1-ші томы бірінші бөлімінің данасын алуға мүдде танытатын тұлғалар ЕАЭО Фармакопея комитетінің төрайымы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті  «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК ҚР МФ және ЕАЭО фармакопеясын жетілдіру орталығының басшысы, ф.ғ.д. Төлегенова Ардақ Орынбасарқызының атына хат жолдау керек.

Даналар саны шектеулі.

Мекенжай: ҚР ДСМ МФБК «ДЗ мен МБ СҰО» ШЖҚ РМК аумақтық филиалы, Алматы қ., Абылай хан к-сі, 63