Оқыту семинарын өткізу туралы

03.06.2024

ҚР ДСМ МФ БК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы 2024 жылғы 27 маусымда өтетін  Алматы қ. АФ директоры Б.Ж.Абдиманованың  «ЕАЭО-дағы медициналық бұйымдардың ортақ нарығының құқықтық негізі. ЕАЭО-да тіркеу және сараптама мәселелері» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысуға шақырады.

Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:

  1. ЕАЭО-дағы МБ нарығын реттеу саласындағы нормативтік база;
  2. ЕАЭО аумағында МБ айналымын реттеу;
  3. МБ айналымының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің негізгі бөлімдері;
  4. Келісімнің өтпелі кезеңі туралы ережелер;
  5. МБ айналымы саласындағы ақпараттық жүйе;
  6. ЕАЭО шеңберінде тіркелген медициналық бұйымдардың бірыңғай тізілімі;
  7. МБ қауіпсіздігі мен тиімділігінің жалпы талаптары-ЕАЭО аумағында МБ айналымын реттеудің жаңа тәсілі;
  8. ЕАЭО-дағы МБ тіркеу дерекнамасына қойылатын жалпы талаптар;
  9. Медициналық бұйымдарды тіркеу және сараптау рәсімі;
  10. Сараптамалық қорытындыны келісу рәсімі;
  11. ЕАЭО-дағы МБ тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу рәсімі;
  12. ТК әрекетін тоқтата тұру немесе күшін жою тәртібі.

Семинарға қатысу үшін фармацевтикалық бизнес өкілдерін шақырамыз: медициналық бұйымдарды өндірушілер, дистрибьюторлар, ЕАЭО аумағында медициналық бұйымдарды тіркеу және сараптау процесін зерделеуге мүдделі өтініш берушілер.

Мәлімет үшін !

Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 24 000, 48 теңге (ҚҚС есебімен)

Оқуға тіркелу үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • Оқуға өтінішті толтыру және жіберу (өтініш нысаны хатқа қоса берілген)

Өтініш әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді, ары қарай тіркеу үшін d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.

  • ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК - мен (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісінің (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет.  ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

"Төлемге өтінім" шартына қосымшасын толтыру міндетті екендігіне Сіздің назарыңызды аударамыз. d.altybay@dari.kz  поштасына  *pdf (қолы бар) және *word форматында жіберу қажет.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі

  • Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

Алтыбай Дамира

Алматы қ. АФ Ғылыми-білім беру орталығының маманы

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz