Ғылыми журналдардың авторлары мен редакторларын оқытып-үйрететін шеберлік сыныбы

31.07.2015

«Central Asian cancer Institute» және Iranian Journal of Public Health қоғамдық бірлестігі «International Medical education Services» ЖШС-мен бірге 2015 жылғы 17-21 тамыз аралығында Астана қаласында халықаралық және отандық дәріскерлердің қатысуымен ғылыми журналдардың авторлары мен редакторларын оқытып-үйрететін шеберлік сыныбын өткізеді.

Шеберлік сыныбының бағдарламасында:

  1. Ғылыми жарияланымдар (әдістемелік, жарияланым құрылымы, журналды таңдау және т.б.);
  2. Медициналық журналистикадағы плагиат және басқа  да бұзушылықтар;
  3. Ғылыми деректерді басқару;
  4. Ғылыми мақалаларды даярлау және жариялау,  тағы басқа көптеген мәселелер.

Оқу ақысы – 50 000 теңге.

Оқыту тілі –орыс тіліндегі ілеспе аудармасымен ағылшын тілі.

Байланыстырушы тұлғалар: Игісінов Нұрбек Сағынбекұлы +7 705 120-65-21, +7 /7172/492760; email: n.igissinov@gmail.com.