I Халықаралық "Биотехнологиялық препараттар және биосимилярлар" ғылыми-тәжірибелік конференциясы

14.04.2015

Ұйымдастыру комитеті Сізді  2015 жылғы 29 сәуірде өтетін І Халықаралық «Биотехнологиялық препараттар және биосимилярлар. Клиникалық тәжірибеде ұтымды қолданудың халықаралық тәжірибесі» ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысуға шақырады.

Өткізілетін орны: Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42, «AtekentParkHotel» конгресс-холл мекенжайы.

Халықаралық «Биотехнологиялық препараттар және биосимилярлар. Клиникалық тәжірибеде ұтымды қолданудың халықаралық тәжірибесі» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу Қазақстанда тұңғыш рет жоспарланып отыр.

Конференцияның өткізілуі тұрғын халықты онкологиялық, эндокринологиялық, жұқпалы және басқа да ауыр сипатты ауруларды емдеуге арналған инновациялық тиімділігі жоғары препараттармен қамтамасыз етудің тың бетбұрысты өзгерістерімен байланысты. Биотехнология жетістіктері гендік инженерия және будандастыру технологиясы әдістерімен адам ағзасында маңызды физиологиялық рөл атқаратын пептид тектес биологиялық белсенділігі жоғары заттар болып табылатын препараттарды денсаулық сақтау саласында жетілдіруге және тәжірибе жүзіне ендіруге мүмкіндік берді. Тәжірибелік дәрігерлерде басты артықшылығы олардың белгілі бір жасушаларға, молекулаларға әсер етуі болып табылатын инновациялық дәрілік препараттарды қолдануға ұтымды ұстанымдарды қалыптастыру мақсатын көздей отырып, мәслихатта қауіпсіздік пен тиімділік бейінінің ескерілуімен препаратты таңдау, өзара алмасу және өзара ауысу тәжірибесімен байланысты мәселелер талқыланады.

Конференция отандық және шетелдік ғалымдардың инновациялық биотехнологиялық дәрілік препараттарды жетілдіру, клиникалық зерттеу және тәжірибелік медицинада қолдану тәжірибелерімен бөлісетін сұхбаттасу және ақпарат алмасу алаңы болмақ.

Конференция жұмысына неврология, ревматология, эндокринология, онкология, онко-гематология, гематология, дерматология cаласындағы жетекші отандық және шетелдік мамандар, отандық және халықаралық фармацевтикалық компаниялардың өкілдері қатысады.

Ұйымдастырушылар: ҚР ДСӘДМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.

Ресми қолдау көрсетушілер:

  • ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
  • ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
  • ҚР Клиникалық фармакологтар және фармацевттер кәсіби қауымдастығы
  • ҚР Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы
  • Қазақ медециналық үдіксіз білім беру университеті (ҚМҮББУ, Алматы қаласы)

Қатысушылардың күтілетін саны: 150 адам

Синхрондық аударма

Конференцияда төменде атап көрсетілген мәселелерді талқылау жоспарланады:

  • Еуропалық биосимилярларды (интерферондар, моноклональді антиденелер, төмен молекулалы гепариндер, инсулиндер және басқалар) фармацевтикалық және  клиникалық бағалау одағы ЕМА (European Medicines Agency) реттеу органының қолданыстағы нұсқаулары;
  • Биосимилярларды фармакологиялық қадағалау ерекшеліктері, биосимилярлар иммуногенділігі, қауіп-менеджмент жоспарының болу қажеттілігі;
  • Еуропалық одақтың емделушілер үшін қауіпсіздікке қатысты заңнамасын, емделушілердің түпнұсқалық биологиялық препараттан биосимилярға, бір биосимилярдан басқа биосимилярға ауыстырылуын талдау;
  • Түпнұсқалық биотехнологиялық препараттардың және биосимилярлардың клиникалық зерттеулері;
  • Түпнұсқалық биотехнологиялық препараттарды қолданудың фармако-экономикалық өзгешеліктері;
  • Қазақстанда түпнұсқалық биотехнологиялық препараттарды және биосимилярларды тіркеу ережелері, нақты мысалдарда табысты тіркелу жағдайлары;

Конференцияны өткізу барысында мәресіне жеткен нұсқасында барлық конференция қатысушыларының талқылауымен қабылданған шешімдер мен қорытындылар нәтижелері енгізілетін ұйғарым даярлау жоспарланады.

Қатысу мәселесі бойынша Фармакологиялық сараптау басқармасына хабарласу керек, тел: 273-02-06

Конференцияны өткізуге және ұйымдастыруға жауаптылар

«Masters Trade» компаниясы

Жобаның үйлестірушісі:

Дуйсеева Гульмира ( 8 727 327-72-45, 701 724-08-18)

e-mail: masters.trade@mail.ru